Тілдер күніне орай Бірыңғай диктант өткізу туралы

Тілдер күніне орай Бірыңғай диктант өткізу туралы

2020 жылғы 22-23 қыркүйекте Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Тілдер күніне орай Шоқан Уәлихановтың 185 жылдығына арналған интерактивті диктант өткізді.

Диктантқа 340 шағын жинақталған  мектептің, 8 облыстық мамандандырылған мектептің және Қазан федералды университеті
IT-лицейінің (Ресей Федерациясы) оқушылары қатысты.

Диктант үш тілде өтті: «Шоқан Уалиханов», «Чокан Валиханов», «Сhokan Valikhanov».

Диктантты өткізудің мақсаты: лингвистикалық пәндер мен тарихты оқу барысында оқушылардың IT-дағдыларын өзектендіру, жоғары сынып оқушыларының патриоттық санасын дамыту және PISA-2021 халықаралық зерттеуінің «Оқу сауаттылығы» бағыты бойынша дайындау.

         Тоғызыншы сынып оқушылары лингвистикалық, орфографиялық және пунктуациялық сауаттылықты қалыптастыру бойынша білімдерін, яғни ақпараттық ІТ біліктіліктерінің қалыптасу деңгейін көрсетті.

         Диктантты жазудың ерекшелігі – диктант аяқталғаннан кейін әр қатысушы жеке кабинетіне кіріп ұсынымдар жазылған элементтік талдау және оқушының нәтижесі бойынша бағалау парағын алды.

         Аталған іс-шараға 650-ден астам оқушы қатысты.