Шығыс Қазақстан облысында жаңа 2020-2021 оқу жылында білім беру үдерісін ұйымдастыру

Шығыс Қазақстан облысында жаңа 2020-2021 оқу жылында білім беру үдерісін ұйымдастыру

Облыста 191 757 оқушыдан тұратын контингенті бар 647 мектеп бар, оның ішінде 20 517 бала бірінші сыныпта оқиды.

33 078 бала контингенті бар 376 (58,0%) мектеп штаттық режимде жұмыс істейді.

107 143 оқушы 271 мектепте (42,0%) қашықтан оқиды.

Ата-аналардың өтініші бойынша 261 мектеп базасында 51 136 бала контингенті бар 4 093 кезекші сыныптар ұйымдастырылды. Кезекші сыныптарда 3 095 мұғалім жұмыс атқарады.

20 389 мұғалім қашықтағы форматта оқу процесін ұйымдастыру бойынша курстан өтті.

1 қыркүйекке дейін оқушылардың интернетпен және компьютерлік техникамен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізілді.

Жалпы, білім бөлімдерінің мәліметтері бойынша мектептерде аз қамтылған отбасылардан шыққан 26 740 бала, жетім балалар мен ЕББҚ бар балалар оқиды. Мектеп компьютерлерін уақытша пайдалануға беруге байланысты барлық оқушылар компьютерлік жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, үш жылдың ішінде (2017-2019 ж.ж.) мүгедектер, жетім балалар және көп балалы отбасылардан шыққан 1 350 балаға жаңа жылдық сыйлық ретінде ноутбуктар табысталды.

173 426 оқушы (90,4%) Интернет жүйесіне қосылған, оның ішінде 18 331 бала Интернетпен қамтамасыз етілмеген, оның 11 454 баласы       (3 276 отбасы) қосылуға техникалық мүмкіндігі бар. Бұл оқушыларға SIM картасымен 5 620 роутер сатып алынды және жоғары Интернет-трафигі бар тарифтер қосылды. Қалған 6 877 бала штаттық форматта оқиды.

22 476 бала компьютерлік жабдықтармен қамтылмаған, оның         16 904 қашықтан оқитын балаларға уақытша пайдалануға мектеп компьютерлері берілді. Қалған 5 712 бала шттатық форматта оқуда.

Жан басына қаржыландыру есебінен облыстық және қалалық білім бөлімдері 2 572 дана компьютерлік техника сатып алды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен жалпы сомасы                    4,1 млрд.теңгеге 26 509 дана компьютерлік техниканы                               (2 759 компьютер, 20 176 ноутбук және 3 574 планшет) сатып алуға қаражат бөлінді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресурстарынан сатып алынған компьютерлік техниканы сатып алу мен тарату кезінде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында «Шығыс Адалдық Алаңы» жобалық кеңсе басшысының төрағалығымен, қоғам өкілдерінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармалары басшыларының, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі жергілікті қоғамдық ұйымдардың, қамқоршылар кеңесі, ата-аналар қауымдастығы және жастар ұйымдарының қатысуымен жұмыс тобы құрылды.

Компьютерлік техниканы сатып алу туралы хабарландыру алдында жұмыс тобының келісіміне және мақұлдауына тауарлардың техникалық сипаттамалары ұсынылды.

Жұмыс тобының шешімі бойынша жарияланған 5 жеткізушінің ішінен «XFinity Solution» ЖШС жеткізуші болып анықталды.

Бүгінгі күні 3 000 компьютер жеткізілді. Толығымен жеткізу             1 қазанға дейін аяқталады.

Компьютерлік техниканы тарату кезінде жұмыс тобы аудандар мен қалалардың қажеттіліктерін басшылыққа алды. Бірінші кезекте аз қамтылған, көп балалы отбасылардың балалары, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, сондай-ақ үздік оқушылар компьютерді тарату кезінде басымдыққа иеленеді.