ШҚО-да «Жас маман» республикалық жобасының жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат

ШҚО-да «Жас маман» республикалық жобасының  жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат

«Жас маман» жобасы (бұдан әрі – Жоба) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде (2019 жылғы 23 қаңтар), «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде (2019 жылғы 27 ақпан) берген тапсырмасына сәйкес әзірленді.

 

Жобаны іске асыру кезеңі - 2019-2021 жж.

 

Жобаның мақсаты - колледждерді сұранысқа ие 100 мамандық бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу.

2020 жылғы 21 қыркүйектегі жағдай бойынша ШҚО бойынша 64 лоттан 56 лоттың жабдықтарды сатып алу бойынша конкурстық рәсімдері аяқталды, оның ішінде 56 шартқа қол қойылды, 40 лот бойынша жабдықтарды жеткізу жүзеге асырылды. Жалпы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Жас маман» жобасының орындалуы бүгінгі күні 87,5 % , ал қаражаттың игерілуі — 63% құрайды. Бұдан басқа, колледждер міндетті түрде мәслихат депутаттарын, өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды енгізе отырып, жабдықтарды қабылдау жөніндегі жұмыс тобының құрамын қалыптастырды. Жұмыстар жалғасуда.

 

Аталған жоба бойынша ақпараттық сүйемелдеу

 

 

 

 

 

  • «ШҚО Кәсіптік білім беру орталығы»

http://ctipo.kz/ru/menu/nabor-stranicz-2/zhasmaman.html