Шығыс Қазақстан облысы бойынша білім беру ұйымдарында өткен жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы туралы ақпарат

Шығыс Қазақстан облысы бойынша  білім беру ұйымдарында өткен жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы туралы ақпарат

2020 жылдың 17 қыркүйек күні облыстағы қашықтан оқытуды ұйымдастырған білім беру ұйымдарында ZOOM платформасы арқылы «Қашықтықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?» жалпыреспубликалық онлайн ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 130 000-нан астам ата-ана, ата-аналар қоғамдастығы кеңесінің төрағалары және қамқоршылық кеңестің мүшелері қатысты.

Атан-аналар жиналысының мақсаты - короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды хабардар ету.

Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы барысында сынып жетекшілер атана-аналарға қашықтан оқытуды жүзеге асыратын білім беру Интернет-платформасымен, жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесімен, балалардың интернеттегі жұмысын ата-аналардың бақылауы  ережелерімен таныстырды. Сондай-ақ, оқу тапсырмалары және оның көлемі, оқушылардың мектеп формасы, баланың мінез-құлық ережелері және жұмыс орны, баланың оқу режимі және демалысы, баланы өздігінен оқуға қалай ынталандыруға болады?, ата-аналар мен балалардың қарым-қатынас психологиясы туралы түсіндірді.

Жиналыс қорытындысы бойынша «Балаларға қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру туралы» ата-аналарға арналған жадынама ұсынылды.