«Заң мен тәртіп – білім берудің негізі»

«Заң мен тәртіп – білім  берудің негізі»

Қоғамда «Заң және тәртіп» нарративін ілгерілету аясында, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және білім саласындағы заңнама нормаларының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, 2025 жылдың 25 мамырында облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мен облыстың білім басқармасының өкілдерінің оқушылардың ата-аналарымен кездесуі өтті.

Іс-шара оқу жылының аяқталуына орай ұйымдастырылып, білім беру ұйымдарында заңсыз ақша жинаудың алдын алу мәселелерін талқылауға бағытталды. 

Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің аға офицері Гүлнұр Бекбаева ата-аналарға білім беру мекемелерінің басшылығы мен қызметкерлеріне сыйлықтар мен басқа да материалдық құндылықтарды тапсырғаны үшін заңнамада көзделген жауапкершілік шараларын егжей-тегжейлі түсіндірді. Мұндай іс-әрекеттер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар ретінде саралануы мүмкін екендігі атап өтілді.

Сондай-ақ, мақсаттары мен себептеріне қарамастан оқушылардан, ата-аналардан және мұғалімдерден ақша жинауға тыйым салу тақырыбы көтерілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мектептерде кез-келген ақша жинауға жол берілмейтінін және қолданыстағы заңнамаға қайшы келетінін еске салды.

Білім басқармасы кездесу барысында оқушылар арасында парасаттылық, академиялық адалдық және әділдік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаларды іске асыруға ерекше назар аударды. Ата-аналарға оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды нығайтуға және азаматтық жауапкершілікті дамытуға бағытталған бастамалар туралы айтылды.

Мұндай кездесулерді өткізу ата-аналарды заңнаманы сақтаудың маңыздылығы туралы хабардар етуге ғана емес, сонымен қатар білім беру ортасында ашықтық, сенім және әділеттілік атмосферасын қалыптастыруға ықпал етеді.