Меню

Страницы

Статья

ОРТА БІЛІМ БЕРУ Орта білімнің жаңартылған мазмұнына кезең-кезеңмен ауысу және осы процесті әдіснамалық сүйемелдеу

Облыста жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасына көшу 2016 жылы басталды. 2016-2017 оқу жылында барлық жалпы білім беретін мектептердің бірінші сынып оқушылары жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасына көшті. 2017-2018 оқу жылында жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасына 2, 5, 7 сыныптар, ал 2018-2019 оқу жылында 3, 6, 8 өтті. 2019-2020 оқу жылында 4, 9, 10 сыныптары көшті. 2020-2021 оқу жылында 11 сынып жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасына көшеді.

Жаңартылған мазмұндағы білім беру мазмұны бойынша ҚР БжҒМ апробация туралы бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысында екі пилоттық мектеп - Көкпекті ауданы «Абай атындағы мектеп-бақша-кешені» КММ және Өскемен қаласы «№39 орта мектеп» КММ белгіленді.

Жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасы аясында 2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін мемлекеттік тапсырыс бойынша облыстың 15 мыңнан астам оқытушысы біліктілік арттыру курстарынан өтті.

2018 жылы жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасы аясында 3, 6, 8 сынып оқушыларының 5379 мұғалімі республикалық бюджет есебінен курстардан өтіп, пәндер бойынша сабақ беруде.

2019 жылы аталған бағдарлама бойынша 5895 мұғалім республикалық бюджет есебінен курстардан өтті.

2020 жылы жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасы аясында жалпы білім беретін мектептердегі 11 сынып оқушыларының 4526 мұғалімі республикалық бюджет есебінен курста оқыту жоспарлануда.

2019-2020 оқу жылында орта білімнің жаңартылған мазмұны бойынша әдістемелік сүйемелдеу мақсатында жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде.

  • Білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясы аясында 2019 жылғы 27 тамызда білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша оқу бағдарламаларының ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында 2019 жылғы 27 тамызда Өскемен және Семей қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «9, 10 сыныптарда білім беру мазмұнын жаңарту» тақырыбында мұғалімдердің секциялық отырысы өтті. Секция жұмысына облыс мектептерінің 1397 педагогы қатысты.

Назарбаев Зияткерлік мектептері, Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері 9-10 сынып бағдарламаларының мазмұны, критериалды бағалау жүйесін қолдану, оқушылардың жетістіктерін жиынтық бағалау құрастыру бойынша 77 шебер - сынып өткізді. Қатысушылар ағылшын тілінде (CLIL) өткізілетін пәндер бойынша зияткерлік мектеп мұғалімдерінің шеберлік сыныптарына барып, өз дағдыларын жақсартты.

Шара аясында мұғалімдерге қолдау көрсету үшін әдістемелік өнімдер көрмесі, «жүктеу аймағы» және оқу-әдістемелік құралдар сату ұйымдастырылды.

  • Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы 2019 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілдерін шақырумен Облыстың білім беру ұйымдарының басшыларына арналған облыстық оқыту семинарын ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты – «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндіру.

Семинарға аудандық/қалалық білім беру бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері, мектеп директорлары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

ШҚО білім басқармасының басшысы Сайрангүл Ахметқаримқызы Жұмаділова кіріспе сөз сөйледі, ол 2018-2019 оқу жылының қорытындысын шығарды және облыстың білім беру жүйесінде жаңа оқу жылында міндеттерді белгіледі.

Ы. Алтынсарин ҰБА өкілдері. Адамова Манар Елекенқызы - орта білім беру орталығының директоры, Жұмағұлова Зауре Абдықенқызы - орта білім беру орталығы директорының орынбасары, Тортаева Балжан Қалданқызы және Қайыпбаева Айгүл Тоқтарбайқызы – ББО-ның аға ғылыми қызметкерлері қысқартылған оқу жүктемесімен және пәндерді тереңдете оқытумен жаңартылған мазмұндық бағдарламалардың қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары үшін жалпы орта білім берудің типтік оқу жоспарларының инварианттық және вариативтік компоненттеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы таныстырылым жасады.

Семинар барысында қатысушылар сұрақтар қойып, Ұлттық білім академия өкілдерінен толық жауаптар алды.

Сондай-ақ, жалпы білім беретін мектептердің басшылары типтік оқу жоспарларына түзетулер мен өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар енгізді.

Семинардың бейнематериалдары ШҚО ББ білім беру порталында орналастырылды.

  • Күзгі каникул кезіндегі жоспарына сәйкес 2019 жылдың 28 - 31 қазан аралығында Өскемен және Семей қалалары мектептерінің базасында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Автономиялық білім беру мекемесімен бірлескен «Оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау: бағалау құралдарын дайындау және қолдану, бағалау үрдісін ұйымдастыру және жүргізу» тақырыбында 2 күндік облыстық оқыту семинары өтті.

Семинар критериалды бағалау жүйесін ұйымдастырудағы мұғалімдердің қызметін қолдау үшін ұйымдастырылды.

Семинарға жалпы білім беретін мектептердің 1200 мұғалімі және 120 мектеп координаторы қатысты. Семинар барысында оқыту тілі бойынша 13 пәндік алаң жұмыс істеді.

Семинар барысында Педагогикалық өлшеулер орталығы, Өскемен және Семей қалаларының Назарбаев Зияткерлік мектеп оқытушылары негізінде бағалау критерийлерін әзірлеу мен қолдану құралдарын бағалау тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар шеңберінде пән мұғалімдері оқушылардың алдына қойылған қысқа мерзімді жоспардағы тапсырмаларды формативті бағалау нәтижелерін талдап, өз тәжірибесімен бөлісті.

Сонымен қатар, бөлімдер бойынша (ББЖ) және тоқсан бойынша (ТБЖ) жиынтық бағалау бойынша қорытынды тапсырмалардың үлгілерін құрады.

  • 2019 жылғы 30 қазан күні Өскемен қаласы «№30 орта мектеп» КММ негізінде Шығыс Қазақстан облысы «Шығыс» өңірлік орталығы «Математика мен физиканы оқыту үдерісіндегі заманауи технологиялар» атты облыстық семинар өткізді.

 

Мақсаты - оқу іс-әрекетінде заманауи оқыту технологиялары мен арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдана отырып, мектепте математика, физика пәндерін оқытуды ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу.

Математика және физика пәндері бойынша семинарға облыстың және облыстық білім беру ұйымдарының 120 мұғалімі қатысты.

Оқушылары Республикалық, халықаралық жоба конкурстарының жүлдегерлері атанған мұғалімдер: «Өскемен қаласының химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» математика пәнінің мұғалімі Смирнова Т.Ю., Өскемен қаласындағы «Өрлеу» БАҰО АҚ ХҚКО филиалының тренері Саблукова Т.А.:

- математика және физика сабақтарында қолданылатын технологиялардың презентациялық жұмысын көрсетті;

- әртүрлі негізгі құзіреттіліктерді қалыптастыру бойынша шеберлік сабақтарын өткізді;

- заманауи технология элементтерін қолдана отырып, жаңартылған оқу жоспары бойынша сабақ жоспарлау және өткізуде мұғалімдерге көмек көрсетті.

Мұғалімдер практикада қолдану үшін көптеген білім алып, ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтті. Семинар спикерлеріне ризашылықтарын білдіріп, әрі қарай ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды жалғастыруды ұсынды.

  • 2019 жылғы 31 қазан - 1 қараша аралығында Өскемен қаласындағы «№ 39 орта мектеп» КММ базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен «11-сыныпқа арналған жаңартылған мазмұндағы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің педагогикалық қауымдастығымен танысу және талқылау» атты өңірлік семинар өтті.

Семинардың мақсаты - 11-сыныптың жаңартылған мазмұнына арналған оқулықтармен және оқу материалдарымен таныстыру және талқылау.

Семинар барысында 12 баспаның 50-ден астам авторлары мен редакторлары 11 сыныпқа арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің таныстырылымын ұсынды. Талқылауға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 500-ге жуық мұғалімдері, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушылары және «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ өкілдері қатысты.

Қатысушылар пәндік бағыттар бойынша оқулықтардың жобаларын талқылады және авторлар мен баспаларға оқулықтар мен оқу материалдарының мазмұны бойынша әрі қарай дамыту жұмыстарын жүргізуде ескеру үшін ұсыныстар берді.

  • 2019 жылдың 2 қарашасы күні Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының күзгі каникул кезіндегі жоспары негізінде Өскемен қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Педагогикалық шеберлік орталығы мен Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының бірлескен жоспары аясында «Жетекші мектеп - жаңартылған білім мазмұнын қолдаушы мектеп» атты І өңірлік форум өтті.

Форумның мақсаты – жетекші мектептердің жұмысын дамыту және жандандыру.

Форумның эксперттік алаңында ШПО филиалының директоры Г.Т.Зейнолдина, ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығы директорының орынбасары Д.Д. Алимханова, НЗМ директоры Ж.О.Ерниязова және Өскемен қ. №27 орта мектеп директоры Г.К.Дюзбенбекова сөз сөйледі. Алтай өңірінің педагогикалық саласының қызметкерлері К.Л.Зайцев пен мобильді педагог Антонова С.Ю. онлайн скайп арқылы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Форумның «Market Place» бөлімінде жетекші мектептердің тәжірибесін постермен таныстырса, «Инновациялық тәжірибе салонында жетекші мектептер» бөлімінде инновациялық құрылымында жетекші мектеп командаларының жұмыс тәжірибесі таныстырылды. ПШО филиалының тренерлері «Google құжаттарымен жұмыс» тақырыбында жетекші мектептердің үйлестірушілеріне арналған шеберлік сыныптар ұйымдастырды.

  • Қысқы каникул кезіндегі жоспарға сәйкес 2019 жылдың 30 желтоқсан – 2020 жылдың 4, 6, 8 қаңтар аралығында Өскемен және Семей қалалары мектептерінің базасында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Автономиялық білім беру мекемесімен бірлескен «Оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау: бағалау құралдарын дайындау және қолдану, бағалау үрдісін ұйымдастыру және жүргізу» тақырыбында 4 күндік облыстық оқыту семинары өтті.

Семинар критериалды бағалау жүйесін ұйымдастырудағы мұғалімдердің қызметін қолдау үшін ұйымдастырылды.

Семинарға жалпы білім беретін мектептердің 680 мұғалімі және 80 мектеп координаторы қатысты. Семинар барысында оқыту тілі бойынша 13 пәндік алаң жұмыс істеді.

  • 2020 жылдың 6 қаңтарында Өскемен қаласында «№10 мектеп-гимназиясы» КММ базасында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен қысқы демалыс кезіндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің жетілдіруі және бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындау бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Оқушыларды мемлекеттік қорытынды аттестаттауға және орыс тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті бойынша ҰБТ-ға дайындық тәсілдерін жетілдіру» тақырыбында бірыңғай әдістемелік күні өткізілді.

Іс-шараға Өскемен қаласы, Глубокое және Ұлан аудандарының 40 орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері қатысты.

Бірыңғай әдістемелік күні барысында «№10 мектеп-гимназия» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Л.А.Фоминых «От целей к СОР. От СОР к СОЧ», Ю. В. Акентьева «Реализация целей слушания/говорения при организации суммативного оценивания по предмету «Русский язык». Приёмы эффективного слушания» және «№18 орта мектеп» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі О. В. Рыльская «Система работы учителя по повышению качества подготовки к итоговой аттестации и ЕНТ» тақырыбында іс тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шара аясында Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының орыс тілі мен әдебиеті бойынша әдіскері А. А. Мырзаханова орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін білім және ғылым министрлігінің «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 26.11.2019 жылдың №509 бұйрығымен таныстырды.

Бірыңғай әдістемелік күніне қатысушылар оқушыларды мемлекеттік қорытынды аттестаттауға және орыс тілі мен әдебиеті бойынша ҰБТ-ға дайындаудың тиімді тәсілдерін қолдануға практикалық және әдістемелік көмек алды.

  • 2020 жылдың 6 қаңтарында Ұлан ауданы, Қ.Қайсенов кенті «Р. Мәрсеков атындағы орта мектеп» КММ базасында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен қысқы демалыс кезіндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің жетілдіруі және бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындау бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Тарих пәні бойынша оқушыларды мемлекеттік қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындау тәсілдерін жетілдіру» тақырыбында бірыңғай әдістемелік күні өткізілді.

Іс-шараға Ұлан ауданының 41 тарих пәні мұғалімдері қатысты. Бірыңғай әдістемелік күні барысында облыс орталығындағы ҰБТ тапсыруда түлектері жоғары нәтижеге жетіп жүрген мектеп мұғалімдері әріптестерімен өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. «№38 ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын орта мектеп» КММ-ң тарих пәні мұғалімі Миханцева Елена Николаевна-«Қортынды аттестаттау мен ҰБТ-ге сапалы дайындаудағы мұғалімнің жүйелі жұмысы» туралы сөйледі. «№3 Ш.Уалиханов атындағы мектеп-лицей» КММ тарих пәні мұғалімдері Камбасова Молдир Муратбеккызы, Мухамадиянова Айнур Мухамадияқызы – «Тарих пәнінен жиынтық бағалауды ұйымдастырудағы қазіргі заманғы тәсілдер» тақырыбында тарих пәні мұғалімдеріне дайындап әкелген презентациясы арқылы тарих пәнінен БЖБ, ТЖБ құрастыру жолдары мен ережелерімен таныстыра отырып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. «І. Айттықов атындағы орта мектеп – балабақша кешені» КММ, тарих пәні мұғалімі Д.А Кудайбергенов «ҰБТ-ге сапалы дайындаудағы мұғалімнің жұмысындағы іс-тәжірибесі жайлы слайдпен таныстырылым жасады. Қатысушылылар жұптық жұмыстың тиімді жақтарына көздері жеткендіктерін, болашақта өз тәжірибелерінде пайдаланатындықтарын білдірді.

Іс-шара аясында Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының тарих пәні бойынша әдіскері Б.К.Абраимова тарих пәні мұғалімдерін білім және ғылым министрлігінің «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 26.11.2019 жылдың №509 бұйрығымен таныстырды.

  • 2020 жылдың 8 қаңтарында Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының қысқы демалыс кезіндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес білім берудің жаңартылған мазмұны бағдарламасы аясында «Жаңартылған білім мазмұны шеңберінде дене тәрбиесі және спорт бойынша заманауи педагогикалық технологиялар» атты облыстық семинар-практикумын өткізді.

Семинардың мақсаты – дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің жаңартылған білім беру мазмұны аясында қолданылатын заманауи педагогикалық технологияларды жинақтау және тарату.

Семинарға облыстың жалпы білім беретін мектептердің қазақ және орыс тілінде оқытатын дене тәрбиесі пәнінің 86 мұғалімі қатысты.

 Семинардың теориялық бөлімінде жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша «Критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері» тақырыбында Назарбаев Зияткерлік мектебінің дене тәрбиесі мұғалімдері А.Х. Нетбаев, Қ.С. Ахметов, Б.Д. Даутбеков өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа бағдарлама бойынша көкейтесті сұрақтарға жауап берді.

 Практикалық бөлімінде орта білім беру мазмұнын жаңарту және оқыту әдістерін дамыту қажеттілігі тұжырымдамасын қалыптастыру бағдарламасы аясында «Дене тәрбиесі» пәндері бойынша «Оқытудың белсенді әдіс тәсілдері» тақырыбында А.Х.Нетбаев, Э.М.Бекбосынов, К.Орман. практикалық сабақтар өткізді.

Семинардың соңында қатысушы мұғалімдермен волейболдан жолдастық кездесу ұйымдастырылды.

Семинарды қорытындылау барысында қатысушыларға алдағы уақытта жұмыс атқару үшін ұсыныстар берілді.

  • Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 23-24 қаңтар күндері Өскемен қаласы әкімдігінің «№46 орта мектеп» КММ базасында 2019-2020 оқу жылындағы 9 сынып білім алушыларының қорытынды аттестауды ұйымдастыру және өткізу туралы облыстық түсіндірме оқыту семинары өтті.

Семинардың мақсаты: 2019-2020 оқу жылындағы 9 сынып білім алушыларының қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізудегі емтихан жұмыстарының материалдары туралы түсіндіру.

Семинарға ШҚО білім басқармасының мамандары, «Шығыс» ӨО әдіскерлері, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері, пән әдіскерлері, жалпы орта білім беретін мектептердің директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарлары және пән мұғалімдері және 9 сынып білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері қатысты.

Алғы сөзбен ШҚО білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта білім бөлімінің басшысы А.М.Доржанова, «Шығыс» өңірлік орталығының директоры М.И.Асанова сөйледі.

Семинар қатысушыларына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 26 қарашадағы «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №509 бұйрығының негізгі ережелері түсіндірілді.

2019-2020 оқу жылындағы 9 сынып білім алушыларының қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізудегі емтихан жұмыстарының материалдарын әзірлеу туралы «Шығыс» өңірлік орталығының әдіскері А.Т.Кенжебаева түсіндірді. 9 сынып білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері міндетті әр пән және таңдау пәні бойынша емтихан жұмыстарының материалдарының ерекшеліктерімен таныстырды.

Семинар аясында 9 сынып білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өткізілді.

Семинар қорытындысында аталған мәселе негізінде қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілді. Семинардың материалдары облыстағы барлық білім беру ұйымдарына жолданды.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2020 жылы 19 ақпанда Ұлан ауданы, «Р. Марсеков атындағы орта мектеп» КММ базасында тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Тарих пәнін оқытуда қалыптастырушы және жиынтық бағалау үдерісін дұрыс ұйымдастыру мәселелері» атты семинар-тренингін өткізді.

Семинар-тренингтің мақсаты - критериалды бағалау және оқытуды жоспарлау бойынша мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Семинарға Ұлан ауданының жалпы білім беретін мектептерінің тарих пәнінің 25 мұғалімі қатысты. Семинар-тренинг барысында Өскемен қаласы әкімдігінің «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ тарих пәнінің педагог-шебер санатты мұғалімі, жаңартылған білім мазмұны бойынша тренер, тарих ғылымдарының кандидаты Чекетаева Роза Сарқытбекқызы сабақ жоспарында пән бойынша оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету; жоспарлау кезінде оқу бағдарламасын, оқу жоспарын және қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағын пайдалануды дамыту; сабақ жоспарына қалыптастырушы бағалау және саралау тәсілдерін енгізу жолдарын ұсыну, бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын жасау туралы түсініктерін тереңдету бойынша түсіндірме жұмыстарын өткізіп мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетті.

Қатысушылармен «Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын жасаудың алгоритімі» тренингін өткізді.

Топтық жұмыс арқылы қатысушылар:

- Сабақ жоспарына қалыптастырушы бағалау және саралау тәсілдерін енгізу жолдары;

- Қалыптастырушы бағалаудың эмоциялық, аффекттік, психомоторлық, әлеуметтік, танымдық аспектілерін тиімді қолдану тақырыбында постер жасап қорғады.

  • Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы Ұлан білім бөлімімен бірлесе отырып 2020 жылғы 25 ақпанында Таврия орта мектебінің базасында 9, 11 сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауына дайындық бойынша облыстық семинар өткізді.

Семинардың мақсаты – 9 және 11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау кезінде мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету.

Семинарға Ұлан ауданының жалпы білім беру ұйымдарының мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, математика, физика, география, химия, биология пәндерінің мұғалімдері, барлығы 130 педагог қатысты.

Семинардың практикалық бөлімі педагогикалық шеберхана түрінде ұйымдастырылды, оның шеңберінде 9-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау және 11-сынып оқушыларына ҰБТ тапсыру үшін математика, физика, химия, биология және география пәндері бойынша тапсырмаларды әзірлеу және оқу үдерісінде іс-әрекет әдістерін қолдану бойынша мұғалімдердің жұмыстары ұсынылды.

Шара барысында Өскемен қаласы әкімдігінің З. Ахметов атындағы №16 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Акимбаева Р.М., №15 орта мектебінің физика пәні мұғалімі Ракишева Г.Б., Байтурсынов атындағы №20 орта мектебінің химия мұғалімі Муханова А.С., №6 орта мектебінің биология мұғалімі Жумагулова А. Б., №35 орта мектебінің география мұғалімі Сабырбаев Н. А. және Ұлан ауданының ЖМБ циклінің мұғалімдері «Алгебра және талдаудың басы», «Физика», «Химия», «Биология» және «География» пәндері бойынша қорытынды аттестаттаудың жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Семинардың барлық қатысушылары мысалдар мен міндеттерді шешу, теңдеулер мен процестерді, графиктер мен диаграммаларды құру, заңдылықтарды анықтау секілді практикалық бағыттарда белсенді қатысты.

Дата публикации
20 марта 2020
Дата обновления
20 марта 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
04 августа 2025
«Адал ұрпақ» мектеп клубтары бойынша ақпарат
Пайдалы ақпарат
04 августа 2025
«Саналы ұрпақ» клубтарының жүйелі жұмысы
Ақпарат
08 августа 2024
Кәсіпкерлерді әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу алгоритмі

Социальные медиа

facebook
Instagram
ВКонтакте

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы