Меню

Страницы

Статья

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына жалпы конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 070004, Өскемен қаласы,   Қазақстан көшесі, 59/1, 6-қабат, 605-кабинет, анықтама үшін телефон 8 (7232) 70-23-61,  электронная пошта G.Kalimova@akimvko.gov.kz, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына жалпы конкурс жариялайды: 

1. 2021 жылғы 04 ақпанға дейін негізгі маманның еңбекақысы сақталмайтын бала күту демалысында болған кезде бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы санаты (Д-О-4) - 1 бірлік лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 116623 теңгеден  146177 теңгеге дейін.

Функционалдық қызметтері: Білім басқармасының аппараты бойынша бухгалтерлік есеп жүргізу;

Білім басқармасының аппаратын ұстауға арналған қаржы жоспарын орындау бойынша кассалық операцияларды жүргізу;

Еңбекақы, демалыс және еңбекке жарамсыздық парақтары бойынша есептерді жазу және құру, қызметкерлердің есеп шоттарына тарату. Еңбекақыны, бюджетке салықты, зейнетақылық, кәсіподақтық аударымдарды уақтылы аудару;

Мемориалдық ордерлерді (№ 2.5.6.8.9.10.13)  құрастыру үшін бастапқы құжаттарды рәсімдеуде,  аналитикалық  есеп, нақты шығындар есебі кітаптарында, «Басты журналда» мәліметтерді таратады, кіріс және шығыс ордерлер есебінің кітабын жүргізу;

Тауарлық-материалдық құндылықтардың жылдық түгендеуін жүргізуге, білім басқармасының кассасында ай сайынғы ақшалай қаржыны түгендеуге қатысу; Заңмен белгіленген мерзімде білім басқармасының аппараты бойынша дебиторлар және кредиторлармен салыстырулар жүргізу;

Білім басқармасының аппаратын қаржылай ұстау үшін (бюджеттік өтінім және оған шығындар есебі, штаттық кесте) төлемдер мен міндеттемелер бойынша бюджет және жекелей қаржыландыру жоспарының орындалуымен байланысты бухгалтерлік есеп үшін барлық қажетті құжаттарды  уақтылы дайындауды жүзеге асыру;

Міндеттемелер мен төлемдер бойынша, соның ішінде мемлекеттік-жекешелік міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу;

Білім басқармасының аппараты бойынша электронды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін барлық қажетті құжаттарды даярлау;

Ведомстволық қарасты мекемелер мен басқарма аппаратының бюджетінің орындалуы туралы жиынтық, айлық, тоқсандық және жылдық есептерді (баланс, қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есеп, бюджеттен тыс қорлар бойынша есеп, демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен қаражаттың түсуі мен шығындануы туралы есеп, акттер қозғалысы туралы есеп, материалдық қор мен құндылығы аз тез тозатын заттар қозғалысы туралы есеп, дебиторлық және кредиторлық қарызданулар туралы есеп) жасауға қатысу;

Сенімхаттарды беру, есепке алу және уақтылы тіркеуді жүзеге асыру;

Жетекшілік ететін мәселелері бойынша жиынтық есепті, мәліметтерді, анықтамалық материалдарды жинау, өңдеу, талдау, құруды жүзеге асыру:

Бөлімнің құзыреттілігіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте облыстық (республикалық), конференциялар, семинарлар, дөнгелек үстелдер, кеңестер және т.б. ұйымдастыру және өткізу;

Бөлімнің құзыреттілігіне жататын мәселелер бойынша  комиссия, жұмыс тобының жұмысына қатысу;

Өзінің құзыреттілігі шегінде облыстың қала және аудандарындағы білім беру ұйымдарының әкімшіліктеріне, жергілікті атқарушы органдарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу, кеңес беру, әдістемелік, тәжірибелік көмек көрсету;

Өзінің құзыреттілігі шегінде бағалаудың сәйкес бағыттары бойынша Басқарманың қызмет тиімділігін бағалауға арналған материалдарды дайындауды жүзеге асыру;

Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына жол бермеу, өзге мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деректерін жою, сондай-ақ жемқорлық көріністеріне қарсы тұру қажет;

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) жобаларын жүзеге асыруға қатысу, МЖӘ шарттарын орындау;

Өз құзыреттілігі аясында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

Басқарманың ішкі еңбек тәртібі ережелерін, заңнамаға сәйкес әкімшілік рәсімдерді сақтау;

Жетекшілік ететін мәселелері бойынша меншік түріне қарамастан түрлі мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, қоғамдық құрылымдармен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен және өзге ұйымдармен өзара әрекет ету;

Сапа менеджменті жүйесін сақтайды және өзінің лауазымдық міндеттерін сапа саласында бекітілген Саясат пен Мақсатқа сәйкес орындайды;

Басқармаға жүктелген міндеттерді, функцияларды және жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың тапсырмаларын сапалы, жедел орындауды қамтамасыз ету үшін өзге де әрекеттерді жүзеге асырады.

Біліктілік талаптары: «Әлеуметтік ғылымдар, экономикажәне бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) бөлімінің мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

2. 2022 жылғы 27 ақпанға дейін негізгі маманның еңбекақысы сақталмайтын бала күту демалысында болған кезде техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы санаты (Д-О-4) - 1 бірлік лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 116623 теңгеден  146177 теңгеге дейін.

Функционалдық қызметтері: Мемлекеттік және жергілікті бағдарламаларды (БДМБ, АДБ және қызметтің өзге бағыттары бойынша), басқарманың жоспарын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету және онда қойылған мақсаттарға, міндеттерге және көрсеткіштерге қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша қол жеткізу;

Бөлімнің құзыреттілігіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте облыстық (республикалық), конференциялар, семинарлар, дөнгелек үстелдер, кеңестер және т.б. ұйымдастыру және өткізу;

Бөлімнің құзыреттілігіне жататын мәселелер бойынша  комиссия, жұмыс тобының жұмысына қатысу;

Өзінің құзыреттілігі шегінде облыстың қала және аудандарындағы білім беру ұйымдарының әкімшіліктеріне, педагогикалық ұжымына, жергілікті атқарушы органдарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу, кеңес беру, әдістемелік, тәжірибелік көмек көрсету;

Өзінің құзыреттілігі шегінде өңірлік бағдарламалар әзірлеуге, ақпаратты, анықтама материалдарын дайындауға қатысу;

Жетекшілік ететін мәселелері бойынша меншік түріне қарамастан түрлі мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, қоғамдық құрылымдармен,  квазимемлекеттік сектор субъектілерімен және өзге ұйымдармен өзара әрекет ету;

Өз құзыреттілігі шегінде техникалық және кәсіптік білім беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарын, ҚР Үкіметінің қаулыларын, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен білім басқармасының бұйрықтарын, облыстық әкімдік пен маслихаттың шешімдері мен өкімдерін ведомстволық қарасты ұйымдар назарына уақтылы жеткізу;

ТжКББ ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру-әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету;

ТжКББ жүйесінде кадрлар даярлау жөніндегі жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету;

Облыстық әдістемелік бірлестіктер жұмысына, директорлар кеңесіне және ТжКББ жүйесіндегі өзге де бірлестіктер жұмысын үйлестіру және қатысу;

Техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарда оқу жұмысының жағдайы бойынша ақпарат, мәліметтерге мониторинг жасау, жинау және өңдеу, талдауды жүзеге асыру, жетекшілік ететін мәселелері бойынша жиынтық есептерді, соның ішінде статистикалық есептерді құру;

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қажетті құжаттаманы жүргізуді қамтамасыз ету;

Өзге мекемелермен, соның ішінде ТжКББ оқу орындарымен өзара әрекеттестікті жүзеге асыру;

«ТжКББ жүйесінің үздік педагогы»  және «ТжКББ үздік ұйым» жыл сайынғы облыстық конкурсын даярлау және өткізу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;

Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына жол бермеу, өзге мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деректерін жою, сондай-ақ жемқорлық көріністеріне қарсы тұру қажет;

Өз құзыреттілігі шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

Басқарманың ішкі еңбек тәртібі ережелерін, заңнамаға сәйкес әкімшілік рәсімдерді сақтау;

Сапа менеджменті жүйесін сақтайды және өзінің лауазымдық міндеттерін сапа саласында бекітілген Саясат пен Мақсатқа сәйкес орындайды;

Басқармаға жүктелген міндеттерді, функцияларды, тапсырмаларды және жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың жарлықтарын сапалы, жедел орындауды қамтамасыз ету үшін өзге де әрекеттерді жүзеге асырады.

Біліктілік талаптары: «Білім» (тарих, бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, математика, химия, биология, информатика,  педагогика және психология), «Гуманитарлық ғылымдар» (тарих, филология), «Жаратылыстану ғылымдары» (математика, информатика, физика, химия, биология, география), «Техникалық ғылымдар және технологиялар» (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, металлургия, транспорт, құрылыс) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

3. 2022 жылғы 21 ақпанға дейін негізгі маманның еңбекақысы сақталмайтын бала күту демалысында болған кезде жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы санаты (Д-О-4) - 1 бірлік лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 116623 теңгеден  146177 теңгеге дейін.

Функционалдық қызметтері: Мемлекеттік және жергілікті бағдарламаларды (БДМБ, АДБ және қызметтің өзге бағыттары бойынша), басқарманың жоспарын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету және онда қойылған мақсаттарға, міндеттерге және көрсеткіштерге қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша қол жеткізу; Тоқсан сайын 2016-2020 жылдарға арналған өңірді дамыту Бағдарламасының, 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік Бағдарламасының негізгі нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерінің орындалу динамикасын қадағалау

Тоқсан сайын тұтастай облыстың білім беру жүйесінің, аудандық және  қалалық білім беру жүйелерінің әлеуметтік-экономикалық дамуын рейтингілік бағалау қорытындыларын шығару;

Облыс білім беру, соның ішінде, облыстағы ауылдық және шағын жинақталған мектептер бюджетінің орындалуына мониторинг жүргізу;

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен бірлесіп, бағдарламалар, ішкі бағдарламалар, ерекшеліктер шамасында кезекті қаржылық жылға облыстың білім беру бюджетін жасауға қатысу;

Білім алушылардың кепілдендірілген әлеуметтік пакетін тағайындау және өзге де әлеуметтік көмек көрсету бойынша есепті жинақтау;

Оқу жылының басында аудандар мен қалалардың желі, штат, бюджеті бойынша  жылдық есеп беру; 

Білім беру жүйесін дамытуға арналған қолданыстағы Бағдарламалардың іске асырылуының тиімділігі туралы бағалау жасау және мониторинг жүргізу; 

Басқа бөлімдермен бірлесіп 2016-2019 жылға арналған білім беру мен жастар саясаты саласында ҚР БҒМ және облыс әкімдіктері мен Алматы, Астана ққ арасында нысаналы көрсеткіштер мен түпкі нәтижелерге жету туралы Меморандумның жүзеге асырылуы туралы жарты жылдық есепті жинауды қамтамасыз ету;

Өз құзыреті шегінде бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат, мәліметтерге мониторинг жасау, жинау және уақтылы ұсынуды жүзеге асыру;

Өз құзыреті шегінде бағалаудың тиісті бағыттары бойынша бөлім қызметінің тиімділігін бағалау үшін материалдарды дайындауға бақылауды жүзеге асыру;

Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау;

Басқарманың ішкі еңбек тәртібі ережелерін, заңнамаға сәйкес әкімшілік рәсімдерді сақтау;

Құзыретіне жататын мәселелер бойынша жоғары және төмен тұрған мемлекеттік ұйымдармен, басқа ведомстволармен, сондай-ақ білім басқармасының құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекет жасау;

Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына жол бермеу, өзге мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деректерін жою, сондай-ақ жемқорлық көріністеріне қарсы тұру қажет;

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлауға және жүзеге асыруға қатысу;

Сапа менеджменті жүйесін сақтайды және өзінің лауазымдық міндеттерін сапа саласында бекітілген Саясат пен Мақсатқа сәйкес орындайды;

Басқармаға жүктелген міндеттерді, функцияларды және жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың тапсырмаларын сапалы, жедел орындауды қамтамасыз ету үшін өзге де әрекеттерді жүзеге асырады.

Біліктілік талаптары: «Әлеуметтік ғылымдар, экономикажәне бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) бөлімінің мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

4. Әкімшілік бөлімнің бас маманы санаты (Д-О-4) - 1 бірлік лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 116623 теңгеден  146177 теңгеге дейін.

Функционалдық қызметтері: Басқарманың қарауына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы тіркеу және есепке алуды қамтамасыз ету;

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша құқықтық статистика және арнайы есептер субъектісі мәліметтерді ұсынудың ақпараттық жүйесімен ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистикасы мен арнайы есептері комитетіне «Тұлғалардың өтініштерін бірыңғай есепке алу» белгіленген есебін құру, ұсыну;

Білім басқармасының басшысы мен оның орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдау бойынша қажетті құжаттардың жүргізілуін қамтамасыз ету;

Сенім телефоны бойынша және жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған жәшіктер бойынша жұмысты ұйымдастыру, білім басқармасына келіп түскен жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің есебін тіркеу және жүргізу;

Жоғары тұрған органдарға басқарманың жұмыс жоспарын және оның орындалуы бойынша ақпаратты уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету;

Басшыға қол қоюға ұсынылған құжаттардың рәсімделуінің дұрыстығына бақылауды жүзеге асыру;

Мемлекеттік тілдегі құжаттаманың жүргізілуі және рәсімделуі бойынша Басқарма жұмысын қамтамасыз ету, мемлекеттік тілде дайындалған құжаттардың сапасына бақылау жасау, мемлекеттік тілдегі құжаттарды редакциялау;

Басқарманың ресми сайтының  қызмет етуін ұйымдастыру бойынша, соның ішінде виртуалды қабылдау бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырады, сайтты сапалы ақпараттық материалдармен толықтыруға және виртуалды қабылдауға қатысушылардың сұрақтарына уақтылы жауаптарды ұсынуға бақылау жасайды;

Өзінің құзыреттілігі шегінде бағалаудың сәйкес бағыттары бойынша Басқарманың қызмет тиімділігін бағалауға арналған материалдардың даярлануына бақылауды жүзеге асыру;

Жетекшілік ететін мәселелері бойынша жиынтық есепті, мәліметтерді, анықтамалық материалдарды жинау, өңдеу, талдау, құруды жүзеге асыру;

Бөлімнің құзыреттілігіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте облыстық (республикалық), конференциялар, семинарлар, дөнгелек үстелдер, кеңестер және т.б. ұйымдастыру және өткізу;

Бөлімнің құзыреттілігіне жататын мәселелер бойынша  комиссия, жұмыс тобының жұмысына қатысу;

Өзінің құзыреттілігі шегінде облыстың қала және аудандарындағы білім беру ұйымдарының әкімшіліктеріне, педагогикалық ұжымына, жергілікті атқарушы органдарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу, кеңес беру, әдістемелік, тәжірибелік көмек көрсету;

Өзінің құзыреттілігі шегінде өңірлік бағдарламалар әзірлеуге, ақпаратты, анықтама материалдарын дайындауға қатысу;

Өзінің құзыреттілігі шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

Басқарманың ішкі еңбек тәртібі ережелерін, заңнамаға сәйкес әкімшілік рәсімдерді сақтау;

Жетекшілік ететін мәселелері бойынша меншік түріне қарамастан түрлі мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, қоғамдық құрылымдармен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен және өзге ұйымдармен өзара әрекет ету;

Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына жол бермеу, өзге мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деректерін жою, сондай-ақ жемқорлық көріністеріне қарсы тұру қажет;

Сапа менеджменті жүйесін сақтайды және өзінің лауазымдық міндеттерін сапа саласында бекітілген Саясат пен Мақсатқа сәйкес орындайды;

Басқармаға жүктелген міндеттерді, функцияларды, тапсырмаларды және жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың жарлықтарын сапалы, жедел орындауды қамтамасыз ету үшін өзге де әрекеттерді жүзеге асырады.

Біліктілік талаптары: «Білім» (химия, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті), «Әлеуметтік ғылымдар, экономикажәне бизнес» (психология, мемлекеттік және жергілікті басқару, мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

5. Әкімшілік бөлімінің бас маманы-заңгер санаты Д-О-4) - 1 бірлік лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 116623 теңгеден  146177 теңгеге дейін.

Функционалдық қызметтері: Білім басқармасының қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;

Шарт, қаржы тәртібін нығайту бойынша іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;

Білім басқармасының қызметкерлерін және білім беру ұйымдарының басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар бойынша қорытынды дайындау;

Басқарма бөлімдері орындауға тиіс Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі қаулысының орындалуы бойынша уақтылы шаралар қабылдау және орындалуы  туралы ақпараттың ұсынылуын ұйымдастыру;

Қолданыстағы заңнаманың бұзылуымен шығарылған құқықтық актілерді өзгерту немесе жою бойынша шаралар қабылдау және құқықтық мониторинг жүргізу;

Білім басқармасы қызметінің құқықтық мәселелерін қарастыру кезінде сотта, сондай-ақ өзге ұйымдарда білім басқармасының мүдделеріне өкілдік ету;

Басқармаға ведомстволық бағынысты заңды тұлғаларды құру, тарату, қайта ұйымдастыру және қайта атау бойынша нормативтік құқықтық актілер жобасын дайындау;

Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, білім басқармасындағы құқықтық жалпыға міндетті оқытуды ұйымдастыру бойынша жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;

Заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда Басқарма құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша Басқарма атынан түсіндірмелер дайындау;

Білім басқармасына келіп түсетін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің жүйелі есепке алынуын және сақталуын ұйымдастыру;

Білім басқармасының нормалық-шығармашылық қызметін талдау, талдау нәтижелері бойынша оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар енгізу;

Тиісті соттық қарауларға әкелген негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Басқарманың қатысуымен болатын даулар бойынша талап ету жұмыстарының, сот тәжірибесінің жағдайына талдау жүргізу және оларды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныстар енгізу;

Барлық сот инстанцияларында Басқарма пайдасына шешілмеген сот актілеріне шағыну бойынша уақтылы шаралар қабылдау (заңнамада көзделген негіздемелер болған жағдайда), сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіпте прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылықтар келтіру туралы қолдаухатпен жүгіну;

Білім басқармасының қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру, құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсету;

Басқарма туралы Ережені әзірлеу және оның әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз ету;

Заңгерлік кеңес беруді және Басқарма басшысы бұйрықтарының жобаларына, ведомстволық қарасты білім беру ұйымдарының жарғыларына заңгерлік сараптама жүргізу;

Нормативтік-құқықтық актілерді және құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлеуге қатысу;

Жетекшілік ететін мәселелері бойынша жиынтық есепті, мәліметтерді, анықтамалық материалдарды жинау, өңдеу, талдау, құруды жүзеге асыру;

Бөлімнің құзыреттілігіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте облыстық (республикалық), конференциялар, семинарлар, дөнгелек үстелдер, кеңестер және т.б. ұйымдастыру және өткізу;

Бөлімнің құзыреттілігіне жататын мәселелер бойынша  комиссия, жұмыс тобының жұмысына қатысу;

Өзінің құзыреттілігі шегінде облыстың қала және аудандарындағы білім беру ұйымдарының әкімшіліктеріне, педагогикалық ұжымына, жергілікті атқарушы органдарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу, кеңес беру, әдістемелік, тәжірибелік көмек көрсету;

Басқарманың ішкі еңбек тәртібі ережелерін, заңнамаға сәйкес әкімшілік рәсімдерді сақтау;

Жетекшілік ететін мәселелері бойынша меншік түріне қарамастан түрлі мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, қоғамдық құрылымдармен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен және өзге ұйымдармен өзара әрекет ету;

Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына жол бермеу, өзге мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деректерін жою, сондай-ақ жемқорлық көріністеріне қарсы тұру қажет;

Сапа менеджменті жүйесін сақтайды және өзінің лауазымдық міндеттерін сапа саласында бекітілген Саясат пен Мақсатқа сәйкес орындайды;

Басқармаға жүктелген міндеттерді, функцияларды, тапсырмаларды және жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың жарлықтарын сапалы, жедел орындауды қамтамасыз ету үшін өзге де әрекеттерді жүзеге асырады.

Біліктілік талаптары: «Құқық» (құқықтану, құқық қорғау қызметі)мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

6. Персоналды басқару қызметінің бас маманы санаты Д-О-4) -   1 бірлік лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 116623 теңгеден  146177 теңгеге дейін.

Функционалдық қызметтері: Білім басқармасы мемлекеттік қызметкерлерінің жеке бас құжатын жинақтау және жүргізу, оған мемлекеттік қызметтің өтуіне байланысты өзгерістер енгізу;

Мемлекеттік қызметшілердің және ведомстволық қарасты ұйымдар басшыларының құжаттарын тоқсан сайын арнайы тексеруге дайындауды, құқықтық статистика орталығына сұрауларды іске асыру;

Білім басқармасының мемлекеттік қызметшілерінің және ведомстволық қарасты ұйымдар басшыларының заңмен белгіленген шектеулерді қабылдауға келісімін жазбаша тіркеу, өзіне қабылдаған шектеулерді бұзған жағдайдағы құқықтық салдары туралы ескерту;

Басқарманың кадрлық жайына мониторинг жасауды және кадр іс-құжаттарын, соның ішінде мемлекеттік қызметтің персоналдары бойынша «Е-қызмет» бірыңғай автоматтандырылған мәліметтер базасын жүргізуді жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларға сәйкес бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізуді және дайындауды ұйымдастыру; Конкурстық комиссияның хатшысы қызметін атқару; Конкурстық комиссияның хаттамалық шешімін ресімдеу;

Білім басқармасының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарынан өту кестесін құру және біліктілікті арттыру курстарынан уақтылы өтуін қамтамасыз ету;

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің саны бойынша есептілікті құрады және жүргізеді;

Білім басқармасының мемлекеттік қызметшілерінің кіріс және мүлік туралы декларацияны уақтылы ұсынуын бақылайды.

Білім басқармасы аппаратындағы әскери міндеттілерді есепке алу және бекітіп қоюды жүргізеді.

Білім басқармасының мемлекеттік қызметшілерін аттестаттаудың, кадрлардың сандық және сапалық құрамы, қозғалысы туралы есеп дайындау;

Білім басқармасы қызметкерлерінің (бұрынғы қызметкерлердің) қазіргі және бұрынғы еңбек қызметі туралы анықтамалар беру;

Басқарма басшысының және оның орынбасарларының визасына сәйкес басқарма қызметкерлеріне, ведомстволық қарасты білім беру ұйымдарының басшыларына іссапар және еңбек демалысын рәсімдейді;

Ведомстволық қарасты білім беру ұйымдарының басшыларына есеп жүргізу бойынша құжаттамаларды рәсімдейді және жүргізеді;

Білім басқармасы қызметкерлерінің жұмыс уақытына есеп жүргізу, еңбек тәртібі жағдайына және Басқарманың ішкі еңбек тәртібі ережелерінің сақталуына бақылау жасау;

Өзінің құзыреттілігі шегінде бағалаудың сәйкес бағыттары бойынша Басқарманың қызмет тиімділігін бағалауға арналған материалдардың даярлануына бақылауды жүзеге асыру;

Конкурстық іріктеу мен аттестаттау рәсімдерінің сақталуын, мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабында өсуін, тәртіптік жауапкершілікке тарту, жұмыстан босатуды қамтамасыз ету;

Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің Ант қабылдауын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету;

Басқарма қызметкерлерін, ведомстволық қарасты білім беру ұйымдарының басшыларын  бөлімнің уәкілеттігі шегінде қолданыстағы заңнамалар нормаларына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартуға ұсыну үшін материалдар дайындауды іске асыру;

Басқарма қызметкерлері мен ведомстволық қарасты білім беру ұйымдарының педагогтарын мемлекеттік, ведомстволық марапаттармен және білім басқармасының грамоталары мен алғыс хаттарымен мадақтауға марапаттау материалдарын  дайындауды жүзеге асырады;

Ұсынылған бағдарламаға сәйкес білім басқармасы қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеруі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

Басқарманың ішкі еңбек тәртібі ережесін, заңнамаға сәйкес әкімшілік рәсімдерді сақтауоргандармен, лауазымды тұлғалармен, қоғамдық құрылымдармен, квазимемлекеттік  сектор субъектілерімен және өзге ұйымдармен өзара әрекет жасау;

Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына жол бермеу, өзге мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деректерін жою, сондай-ақ жемқорлық көріністеріне қарсы тұру қажет;

Сапа менеджменті жүйесін сақтайды және өзінің лауазымдық міндеттерін сапа саласында бекітілген Саясат пен Мақсатқа сәйкес орындайды;

Басқармаға жүктелген міндеттерді, функцияларды, тапсырмаларды және жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың өкімдерін сапалы, жедел орындауды қамтамасыз ету үшін өзге әрекеттерді жүзеге асыру.

  Біліктілік талаптары: «Білім» (орыс тілі және әдебиеті, қазақ тілі және әдебиеті, дефектология), «Құқық» (құқықтану, құқық қорғау қызметі), «Әлеуметтік ғылымдар, экономикажәне бизнес» (экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, еңбекті ұйымдастыру және нормалау) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Кандидаттарда мынадай құзыреттердің бар болуы тиіс: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ – қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы: G.Kalimova@akimvko.gov.kz электрондық пошта мекенжайына электронды түрде, не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжат тігілетін папкаға салынған келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

9) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

10) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық поштасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы не олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Олар ұсынылмаған жағдайда тұлға конкурстық комиссиямен әңгімелесуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ-де оларды әңгімелесуге жіберу туралы кандидаттар хабарландырылған  күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі к., 59/1, 605 кабинетке ұсынылуы қажет.

Конкурс қатысушылары және үміткерлер 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурстық комиссияның шешіміне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Жалпы конкурс Қазақстан  Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігі  төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Анықтама үшін телефон 8 (7232) 70-23-61, e-mail: G.Kalimova@akimvko.gov.kz

Дата публикации
28 января 2020
Дата обновления
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
04 августа 2025
«Адал ұрпақ» мектеп клубтары бойынша ақпарат
Пайдалы ақпарат
04 августа 2025
«Саналы ұрпақ» клубтарының жүйелі жұмысы
Ақпарат
08 августа 2024
Кәсіпкерлерді әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу алгоритмі

Социальные медиа

facebook
Instagram
ВКонтакте

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы