|
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту – бұл білім беру жүйесінің бірінші деңгейі және баланың тұлға ретінде қалыптасуы… |
Өңірде 385 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 296 мемлекеттік, 89 жекеменшік. Жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымдарда 29 380 бала мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылды.
|
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 98,7%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 100% құрайды. Мектепке дейінгі мекемелеріне кезектілік 2 жастан 3 жасқа дейінгі 1265 баланы құрайды. |
![]() |
Облыстық қадамдық жоспарды іске асыру шеңберінде 2023 жылы 735 орындық 6 балабақша ашылды: Өскемен қаласында«Балауса» балабақшасында 140 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылды, 150 орындық «KinderVille», 150 орындық «Family Island 2», 160 орындық «Темірлан» балабақшалары, Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылында 75 орындық «Күншуақ» балабақшасы, Ұлан ауданы Асубұлақ ауылында 60 орындық «Ару-Ай» балабақшасы ашылды. Сонымен қатар, жұмыс істеп тұрған балабақшаларда қайта құру және профициттік орындарды пайдалану есебінен қосымша 1965 орын ашылды.
Сондай-ақ, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды ұлғайту мақсатында 2025 жылға дейін:
2018 жылдан бастап облыстың барлық мектепке дейінгі мекемелерінде балаларды кезекке қою және мектепке дейінгі мекемелерге жолдама берудің автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Кезектілікті есепке алудың және мектепке дейінгі ұйымдарға жолдамалар берудің бірыңғай базасын құру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Балабақшаларға 5,0 мың аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан бала, жетім балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалар тегін барады.
Мектепке түсер алдында барлық балалардың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіру мақсатында облыстың 297 мектебінде 6 056 балаға арналған мектепалды даярлық сыныптары жұмыс істейді.