Шығыс Қазақстан облысында 1393 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады, оның ішінде 1025 (74%) қамқорлықтағы, патронаттағы отбасыларда тәрбиеленеді, 368 (26%) бала мемлекеттік мекемелерде тұрады.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 5 ұйым, оның ішінде білім беру жүйесінде 4 мекеме, Денсаулық сақтау жүйесінде 1 балалар үйі жұмыс істейді.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың баламалы нысандарын насихаттау бойынша жүргізіліп жатқан мемлекет қабылдайтын шаралар, сондай-ақ жоспарлы жұмыс отбасыларға орналастырылған балалардың санын ұлғайтуға мүмкіндік берді. Осы санаттағы балалар санының қысқаруына тұрақты үрдіс байқалады.
2022 жылдың бірінші жартыжылдығында облыс бойынша 129 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала анықталып, республикалық деректер банкіне бастапқы есепке қойылды. Оның 89-ы отбасына қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), 31-і жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға, 3–і патронаттық тәрбиеге, 6-ы асырап алынды.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың баламалы нысандарын дамыту мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмысы ресми сайттарда, әлеуметтік желілер арқылы, баспа БАҚ-та материалдарды жариялау арқылы жүргізіледі.
Соңғы 5 жылда балалардың жалпы саны тағы 221-ге немесе 14,5%-ға қысқарды, оның ішінде ұйымдардың тәрбиеленушілер контингенті 144 балаға немесе 32,6%-ға азайды.
Контингенттің қысқаруына байланысты жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелерін оңтайландыру бойынша шаралар қабылдануда. Мәселен, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының саны соңғы 10 жылда 11 бірлікке қысқарды.
2020 жылғы шілдеден бастап жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 4 білім беру ұйымдарында баланы отбасына қабылдауға тілек білдірген азаматтарды психологиялық даярлауды жүзеге асыратын баланы қабылдайтын ата-аналар мектептері жұмыс істейді.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасына және қызметінің үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізілуіне байланысты «Үміт» балалар үйі" КММ-сі «Өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды қолдау орталығы» болып қайта құрылды.