ШҚО білім басқармасы ШҚО техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының қамқоршылық кеңестерінің құрамын 2020 жылға қалыптастыру және жаңарту туралы хабарлайды. ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген Қамқоршылық Кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібі жұмысын ұйымдастырудың үлгі ережесінің 7 тармағына сәйкес Қамқоршылық Кеңестің құрамына кіреді:
1) жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;
3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
4) ата-аналар комитеті ұсынған сыныптардың, курстардың әрбір параллелінен осы білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;
5) қайырымды жандар (бар болса).
Қамқоршылық Кеңесінің құрамы бойынша ұсыныстарды, өтініштерді қабылдау ШҚО Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында және ШҚО білім басқармасында 2020 жылдың 21 желтоқсанына дейін жүзеге асырылады.