Меню

Страницы

Статья

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына жалпы конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 070004, Өскемен қаласы,   Қазақстан көшесі, 59/1, 6-қабат, 605-кабинет, анықтама үшін телефон   8 (7232) 70-23-61, эл.пошта G.Kalimova@akimvko.gov.kz барынша рұқсат етілген файлдар өлшемі 10 MB, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына жалпы конкурс жариялайды:

1. Тұлғаны рухани-адамгершілік дамыту және тәрбие жұмысы бөлімінің бас маманы санаты Д-О-4) - 1 бірлік лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 116623 теңгеден 146177 теңгеге дейін.

  Функционалдық қызметтері:

Мемлекеттік және жергілікті бағдарламаларды (БДМБ, АДБ және қызметтің өзге бағыттары бойынша), басқарманың жоспарын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету және онда қойылған мақсаттарға, міндеттерге және көрсеткіштерге қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша қол жеткізу;

Бөлімнің құзыреттілігіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте облыстық (республикалық), конференциялар, семинарлар, дөнгелек үстелдер, кеңестер және т.б. ұйымдастыру және өткізу;

Бөлімнің құзыреттілігіне жататын мәселелер бойынша  комиссия, жұмыс тобының жұмысына қатысу;

Өзінің құзыреттілігі шегінде облыстың қала және аудандарындағы білім беру ұйымдарының әкімшіліктеріне, педагогикалық ұжымына, жергілікті атқарушы органдарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу, кеңес беру, әдістемелік, тәжірибелік көмек көрсету;

Өзінің құзыреттілігі шегінде өңірлік бағдарламалар әзірлеуге, ақпаратты, анықтама материалдарын дайындауға қатысу;

Жетекшілік ететін мәселелері бойынша меншік түріне қарамастан түрлі мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, қоғамдық құрылымдармен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен және өзге ұйымдармен өзара әрекет ету;

Облыстық мәслихатқа кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның дербес құрамын бекіту үшін құру және ұсыну және оның жұмысын ұйымдастыру; комиссия хатшысы болып табылады;

Облыстың қала мен аудандарындағы жергілікті комиссияның қызметіне әдістемелік көмек көрсету, жұмысын үйлестіру және мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;

Қолайсыз отбасында жергілікті есепті ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;

Салауатты өмір салтын насихаттау және кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және балалардың қараусыз, панасыз қалуын, нашақорлық пен маскүнемдікті, балалар еңбегін пайдалануды, кәмелетке толмағандарға жыныстық қол сұғылмаушылық, зорлау және қатыгездік қарым-қатынас және балалар ортасындағы өзге де жағымсыз көріністердің алдын алу;

Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басшылық үшін анықтамалар, баяндамалар, сөз сөйлеулер дайындауды жүзеге асыру;

Рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде балалардың өзін-өзі танытуы үшін жағдайларды жасауға бағытталған қоғамдық пікірді қалыптастыру және азаматтық бастамаларды қолдау бойынша зерттеу, ақпараттық, консультациялық жұмыстарды ұйымдастыруға қатысу;

Жетекшілік ететін мәселелер бойынша ақпараттарды жинау, талдау материалдарын дайындау, статистикалық есептерді дайындау үшін материалдарды жиынтықауды жүзеге асыру;

Мектеп оқушылары арасында облыстық конкурстарды, байқауларды, фестивальдерді дайындау және өткізуді қамтамасыз ету;

Жетекшілік ететін мәселелері бойынша жиынтық есепті, мәліметтерді, анықтамалық материалдарды жинау, өңдеу, талдау, құруды жүзеге асыру;

Бөлім жұмысының жоспарына қосу үшін ұсыныстар әзірлеу және оларды уақтылы орындау;

Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына жол бермеу, өзге мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деректерін жою, сондай-ақ жемқорлық көріністеріне қарсы тұру қажет;

Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау;

Басқарманың ішкі еңбек тәртібі ережелерін, заңнамаға сәйкес әкімшілік рәсімдерді сақтау;

Сапа менеджменті жүйесін сақтайды және өзінің лауазымдық міндеттерін сапа саласында бекітілген Саясат пен Мақсатқа сәйкес орындайды;

Басқармаға жүктелген міндеттерді, функцияларды, тапсырмаларды және жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың жарлықтарын сапалы, жедел орындауды қамтамасыз ету үшін өзге де әрекеттерді жүзеге асырады.

Біліктілік талаптары: «Білім» мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ – қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы, электрондық пошта арқылы: G.Kalimova@akimvko.gov.kz, не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

3) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

4) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Қағидалардың 76-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Конкурс қатысушылардың дәйексіз мәліметтерді ұсынуы оларды әңгімелесуге жіберуге бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ-де оларды әңгімелесуге жіберу туралы кандидаттар хабарландырылған  күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі к., 59/1,  605 кабинетке ұсынылуы қажет.

Конкурс қатысушылары және үміткерлер 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурстық комиссияның шешіміне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Жалпы конкурс Қазақстан  Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігі  төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Анықтама үшін телефон 8(7232)70-23-61, e-mail: G.Kalimova@akimvko.gov.kz

Қосымша

Дата публикации
04 декабря 2020
Дата обновления
12 марта 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
04 августа 2025
«Адал ұрпақ» мектеп клубтары бойынша ақпарат
Пайдалы ақпарат
04 августа 2025
«Саналы ұрпақ» клубтарының жүйелі жұмысы
Ақпарат
08 августа 2024
Кәсіпкерлерді әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу алгоритмі

Социальные медиа

facebook
Instagram
ВКонтакте

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы