2020 жылдың 6 қарашасында ШҚО ПД ЖПҚБ ювеналдық полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция капитаны А.Е.Бейсембаевамен, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ә.Мархабаттың, Шығыс Қазақстан білім саласының сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысының орынбасары Б.Қ.Атыбайдың, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы С.А.Жұмаділованың, Шығыс Қазақстан облысы ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Р.С.Сафиоллинованың, Шығыс Қазақстан облысының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының арнайы әлеуметтік жұмыс бойынша қызмет орталығы бөлімінің басшысы З.М.Сүлейменовтың, Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының басшысының орынбасары Ж.Ж.Мекееваның, Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Д.С.Рыпаковтың, облыс прокурорының көмекшісі кіші әділет кеңесшісі Л.А.Түгелованың, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының тұлғаны рухани-адамгершілік дамыту және тәрбие бөлімінің бас маманы А.А.Арспектің қатысуымен онлайн режимінде кәмелетке толмағандардың істері бойынша құқықтық қолдану тәжірибесі бойынша баспасөз-конференция өткізілді.