«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 070004, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, 6-қабат, 605-кабинет, анықтама үшін телефон 8 (7232) 70-23-61, эл.пошта G.Kalimova@akimvko.gov.kz, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына жалпы конкурс жариялайды:
Функционалдық қызметтері: Үш жылдық мерзімге республикалық, облыстық бюджетті жоспарлау және болжау, қаржылық жылға нақтылау;
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларын құрастыру;
Республикалық бюджет бойынша, Жұмыспен қамту 2020 жол картасының бірінші бағыты бойынша үш жылдық мерзімге ҚР БжҒМ-ға бюджеттік өтінімді дайындауды жүзеге асыру; Аудандар мен қалалар бөлінісінде республикалық трансферттерді бөліп, оларды облыстық бюджеттік комиссия қарауына және облыстық мәслихат сессиясына бекітуге енгізу; Оларды толық және тиімді қолдану бойынша анықтаулар мен өзгертулер енгізу;
Аудандар мен қалаларға, облыстық мекемелерге айқындалған, республикалық трансферттерді уақтылы жеткізуді қамтамасыз ету;
Ай сайын қаржы басқармасына, ҚР Білім және ғылым министрлігіне республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттер есебінен іске асатын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асыру барысы жөнінде есеп ұсыну.
Қаржыландыру мөлшері және сметаның өзгерістері жайлы анықтама-хабарламаны уақтылы дайындау және жеткізу;
Республикалық трансферттерді қолдану мәселелері бойынша облыстың білім беру мекемелері мен ұйымдарына тәжірибелік көмек көрсету;
Республикалық трансферттер бойынша бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;
Өз құзыреті шегінде бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат, мәліметтерге мониторинг жасау, жинау және уақтылы ұсынуды жүзеге асыру;
Өз құзыреті шегінде бағалаудың тиісті бағыттары бойынша Басқарма қызметінің тиімділігін бағалау үшін материалдарды дайындауға бақылауды жүзеге асыру;
Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына жол бермеу, өзге мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деректерін жою, сондай-ақ жемқорлық көріністеріне қарсы тұру қажет;
Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау;
Пилоттық жобалар көлемінде жан басына нормативтік қаржыландыруды енгізуді талдау және мониторинг жүргізу.
Жалпы білім беретін мектептердің жан басына нормативтік қаржыландыруға қарастырылған бюджет лимиттерін жоспарлау және уақтылы жеткізу; Олардың толық және тиімді қолданылуы жөнінде нақтылау және өзгерістер енгізу;
Мектепке дейінгі балалар ұйымында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бағытталған республикалық трансферттердің орындалуына бақылау жасау; Мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша ай сайынғы есеп;
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлауға және жүзеге асыруға қатысу;
Басқарманың ішкі еңбек тәртібі ережелерін, заңнамаға сәйкес әкімшілік рәсімдерді сақтау;
Құзыретіне жататын мәселелер бойынша жоғары және төмен тұрған мемлекеттік ұйымдармен, басқа ведомстволармен, сондай-ақ білім басқармасының құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекет жасау;
Сапа менеджменті жүйесін сақтайды және өзінің лауазымдық міндеттерін сапа саласында бекітілген Саясат пен Мақсатқа сәйкес орындайды;
Басқармаға жүктелген міндеттерді, функцияларды және жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың тапсырмаларын сапалы, жедел орындауды қамтамасыз ету үшін өзге де әрекеттерді жүзеге асырады.
Біліктілік талаптары: «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) бөлімінің мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ – қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы, электрондық пошта арқылы: G.Kalimova@akimvko.gov.kz, не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:
3) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
4) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Қағидалардың 76-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Конкурс қатысушылардың дәйексіз мәліметтерді ұсынуы оларды әңгімелесуге жіберуге бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ-де оларды әңгімелесуге жіберу туралы кандидаттар хабарландырылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі к., 59/1, 605 кабинетке ұсынылуы қажет.
Конкурс қатысушылары және үміткерлер 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурстық комиссияның шешіміне шағымдана алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.
Анықтама үшін телефон 8(7232)70-23-61, e-mail: G.Kalimova@akimvko.gov.kz