Облыстың 32 колледжінде "Саналы ұрпақ" клубтары жұмыс істейді, оларға 2775 студент қатысады. Осы клубтардың жұмысы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің көптеген іс-шаралары өткізіледі: акциялар, флешмобтар, бейнероликтер мен плакаттар конкурстары және тағы басқалар.
Клубқа қатысушы студенттер өздерін республикалық және халықаралық деңгейде көрсетті. Мысалы, 18.10.2024 жылы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті өткізетін «Абай сөзі-әділдіктің темірқазығы» республикалық оқу орындарының студенттері арасындағы бірінші Республикалық зияткерлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойында Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенттері жүлделі орынға ие болды.
Сонымен қатар, ҚАЕУ жоғары колледжінің клубы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Тараз қаласы әкімдігімен өткізілген «Парасат елшісі» республикалық байқауының жеңімпаздары атанды. Сондай-ақ, Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы өткізген «сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» сайысына «Саналы ұрпақ» клубы мүшелерінің 500-ден астам жұмысы қатысып, жүлделерге ие болды.
Қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың өзекті мәселелерін талқылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен ұсыныстар әзірлеу, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Өскемен технология және сервис колледжі» КММ – де «Адалдық-адамдық белгісі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Отырыста «Саналы ұрпақ» клубтарының басшылары мен колледж студенттері «Саналы ұрпақ» клубының жұмысын жетілдіру, Академиялық адалдық, парасаттылық тақырыбын талқылады, өз пікірлерін білдірді, сыбайлас жемқорлықты түсінудің мәнін талқылап қана қоймай, оның алдын алуға белсенді қатысты.
«Саналы ұрпақ» клубтарының облыстық слеті жақсы дәстүрге айналды және ТжКБ студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру шеңберінде өзін тиімді іс-шара ретінде көрсетті.
«Саналы ұрпақ» - слеті адамгершілігі жоғары, жауапты, бастамашыл азамат пен патриотты тәрбиелеуге бағытталған, «Саналы ұрпақ» клубтарымен қарым-қатынас жасауға, оқытуға, тәжірибе алмасуға арналған алаң, бұл сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жою үшін құнарлы негіз болып табылады.
ШҚО білім басқармасы, «Қазақстан-Америка Еркін университеті» ЖШС Жоғары колледжі 2024 жылғы 21 қарашада студенттердің парасаттылығын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында колледж студенттері арасында «Саналы ұрпақ» облыстық слет-форумын өткізді.
Слет аясында келесі іс-шаралар өткізілді:
- «ШҚО ТжКБ білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалар» дөңгелек үстелі;
– «Жемқорлықғасыр дерті» зияткерлік ойыны
Слет қорытындысы бойынша плакаттар, эсселер, бейнероликтер байқауларының жеңімпаздарының жұмыстары ұсынылды.
Форумда 1 курстың 44 студенті ант қабылдап, "Саналы ұрпақ" төсбелгісін алды. Мерекелік іс - шара соңында «Адалдық» ауыспалы кубогы конкурстардың жеңімпазы-Өскемен құрылыс техникалық - колледжіне табысталды.