Меню

Страницы

Статья

Кәсіпкерлерді әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу алгоритмі

    1. ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) жыл сайын 1-15 наурыз, 1-15 маусым, 1-15 қыркүйек,
      1-15 желтоқсан айларында жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге қосуға өтініштерді қабылдауды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығымен бекітілген, Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

    Жыл сайын 25 қаңтарға дейін Тізілімге енген әлеуметтік кәсіпкерлік топтарды өзектендіреді (мәртебені растау).

    1. Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға оны Тізілімге енгізу мақсатында Басқармаға қағидаларға сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің санаттарына сәйкес келетін құжаттарды арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

    Қағидаларда көрсетілген өтініш пен құжаттарды жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға Басқармаға қағаз түрінде немесе электрондық жеткізгіштерді пайдалана отырып және (немесе) электрондық құжаттар нысанында хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша жеке өзі,  254095@bk.ru электрондық пошта арқылы береді.

    1. Өтініш берген сәтте ЖК немесе заңды тұлғалар тіркелген сәттен бастап кемінде 1 жыл өтуі тиіс.
    2. Туындаған сұрақтар бойынша Басқармаға 8-7232-71-32-57 телефоны бойынша хабарласуды сұраймыз.

     

    Тізілімге енген, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне арналған  артықшылықтар

     

    - Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілер Тізіліміне ену кәсіпкерлерге 5,0 млн. теңгеге дейін гранттарды ұсыну бойынша конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді.

    - Субсидиялау және кредиттер/қаржыландыру бойынша кепілдік беру салалық шектеулерсіз және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын номиналды сыйақы мөлшерлемесімен және 7 (жеті) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 7 % ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

Дата публикации
08 августа 2024
Дата обновления
08 августа 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
04 августа 2025
«Саналы ұрпақ» клубтарының жүйелі жұмысы
Пайдалы ақпарат
04 августа 2025
«Адал ұрпақ» мектеп клубтары бойынша ақпарат
Ақпарат
08 августа 2024
Кәсіпкерлерді әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу алгоритмі

Социальные медиа

facebook
Instagram
ВКонтакте

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы