2023-2024 оқу жылында Шығыс Қазақстан облысының барлық білім беру ұйымдарында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде адал азаматты тәрбиелеу мақсатындағы «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» енгізілді, Бағдарлама аясында білім беру ұйымдарының педагогтері педагогикалық кеңестерде негізгі бағыттарымен танысты. Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 294 бұйрығы негізінде облыстың барлық білім беру ұйымдарында жұмыс жоспары әзірленіп, бекітілді.
Аудандық, қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім беру ұйымдарында осы бағдарламаға сәйкес жұмыс жоспары әзірленіп, ата-аналар жиналысы өткізілді, жиналыс барысында тәрбие жұмысының бір жылға арналған бағыттары түсіндірілді. ШҚО білім басқармасының «Örken» білім беруді ақпараттандыру және дамыту өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 10 қазанда «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» КеАҚ - мен бірлесіп Бірыңғай тәрбие бағдарламасы, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы бойынша әдістемелік көмекті одан әрі іске асыру мақсатында аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлеріне тәрбие жұмысы бойынша семинар-кеңес өткізді.
Шығыс Қазақстан облысының барлық білім беру ұйымдарында Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі.

Барлық білім беру мекемелерінде ата-аналар жиналысы өткізілді. Облыстың барлық мектептерінде АПҚО құру туралы бұйрықтар шығарылды, құрамы анықталды, жұмыс топтарының белгіленген отырыстары өткізілді. «Даналық мектебі» клубтары құрылды. Облыстың барлық мектептерінде ата-аналарды педагогикалық қолдау кабинеттері ашылды.

АПҚО-да жұмыс істейтін мамандарды даярлау мақсатында Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының курстары ұйымдастырылды, курстан 342 педагог, (директордың ТЖ жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар, психологтар және сынып жетекшілері) оқудан өтті. Әр мектепте 15 қыркүйекке дейін мұғалімдер мен ата-аналар арасында әдістемелік жұмыс жүргізілді. Аталған іс-шаралар әлеуметтік желілерде облыс мектептерінің беттерінде жарияланды.