Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы білім беру ұйымының басшысы бос лауазымдарына (бұдан әрі- Конкурс) орналасуға конкурс жариялайды:
1) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Аягөз ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі Индекс 070600, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 58 үй, тел: 8/72237/52346;
2) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Тарбағатай ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі Индекс 071500 Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы, Төлегетай баба көшесі, №4;
3) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Өскемен қаласының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі Индекс 070016, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Көкжал Барақ көшесі, 8/2 үй, тел: 8-723-2-619995;
4) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Бородулиха ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі Индекс 070400, Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Колхозная көшесі, 12 үй, тел: 8-723-5-121955.
Негізгі қызметі: топтық, топ аралық және жеке арнайы түзету дамыту бағдарламасын жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: "Арнайы педагогика" мамандығы бойынша жоғары, жоғары оқу орнынан кейін педагогикалық білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі соңғы 5 жылдан кем емес, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы 2 жылдан кем емес, арнайы білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы өтілі 1 жылдан кем емес; Оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде-қосымша педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің санатының болуы.
Лауазымдық ақы 98 094-116 800 теңге көлемінде.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан- туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Лауазымдық міндеттері: Қолданыстағы заңнамаға сәйкес психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан әрі - ПМПК) және психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің (бұдан әрі - ППТК) жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады.
Арнайы ұйымның түрін, оқыту және тәрбиелеу нысанын анықтау және тексеру нәтижелерін талқылау кезінде консультацияның алқалы жұмысын ұйымдастырады, әдістемелік жұмысты жүзеге асырады, құжаттамаларды жүргізуге, ПМПК, ППТК арнайы оқу және медициналық жабдықтармен, компьютерлік техникамен және әдістемелік материалдармен жарақтандыруға жауапты болады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен, педагогтардың семинарларында, қайта даярлау курстарында немесе біліктілігін арттыру курстарында педагогтер арасында дефектологиялық білімді халық арасында тарату бойынша жұмысты ұйымдастырады;
білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп балалардың аномальды дамуының алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық жұмысты ұйымдастырады.
Балаларды тексерудің жоғары деңгейін, ПМПК және ППТК мамандарының сапалы жұмысын қамтамасыз етеді.
Ұйымдастыруды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімін дамыту, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды.
Оған бағынысты құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді. Барлық органдарда ПМПК және ППТК мүдделерін білдіреді.
Қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
"Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде оқу процесінің барлық субъектілерінің қатысуымен енгізеді.
Оқушылар, тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидалалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақты (нақты тұратын мекен-жайы мен байланыс телефондарын көрсетіп);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Аталған құжаттардың бірінің болмауы конкурсқа қатысушының құжаттарын қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы кандидат Комиссияның қарауына білімі, еңбек өтілі, кәсіби дайындығының деңгейі туралы (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежесі мен атағы, ғылыми басылым, сонымен қатар бұрынғы жұмыс орны басшылығынан ұсыныстар, т.б. құжаттардың көшірмелері) қосымша ақпараттарды ұсына алады.
Құжаттар конкурс өткізу туралы бұқаралық ақпарат «Шығыс Ақпарат» ЖШС, сондай-ақ ШҚО білім басқармасының интернет-ресурсында (https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim) конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жұмыс күндері (сенбі және жексенбі күндерінен басқа) сағат 13.00-14.30 дейін түскі асқа үзіліспен 9.00-18.30 аралығында 15 күнтізбелік күн ішінде 2020 жылғы «24» маусымнан бастап «8» шілдені қоса алғанда мына мекенжай бойынша қабылданады: 070019 Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, 605 кабинет, байланыс телефоны: (7232) 702-361, электрондық мекенжай: G.Kalimova@akimvko.gov.kz.