Меню

Страницы

Статья

Academy: RIVIERA-BAMBINI" балабақша-кешенін салу және пайдалану

"Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Заңының (бұдан әрі – заң) 44-бабына сәйкес, "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" ММ Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, "Academy: RIVIERA-BAMBINI" балабақша-кешенін салу және пайдалану"мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасына әлеуетті жекеше әріптеске бастамашы болғанын хабарлайды.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының негізгі техникалық-экономикалық параметрлері және бюджеттен сұралатын төлемдер (әлеуетті жекеше әріптес бастамашылық еткен бизнес-жоспарға сәйкес):

1) жобаны іске асыру саласы–мектепке дейінгі тәрбие және білім беру;

2) жобаны іске асыру орны-Өскемен қаласы;

3) объектінің қуаты-125 орын;

4) іске асыру кезеңі – 2020 жыл.

5) пайдалану кезеңі-2020-2040 жылдар;

6) жобаның мақсаты мен міндеттері – Өскемен қаласының тұрғындары үшін мектепке дейінгі балалар мекемелерінде орын тапшылығы мәселесін шешу және жалпы орта білім беретін мектептің бірінші сатысындағы балаларды оқыту сапасын жақсарту.;

7) бюджеттен сұралатын төлемдер және (немесе) мемлекеттік қолдау шаралары: мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;

8) жоба техникалық күрделі болып табылмайды.

Әлеуетті жекеше әріптес Заңның 32-бабында айқындалған жалпы біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының (бұдан әрі – қағидалар) 135-тармағына сәйкес МЖӘ жоспарланған жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер хабарламада көрсетілген талаптарға, сондай-ақ Қағидалардың 130-тармағында көрсетілген жекеше әріптесті айқындау бойынша тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінімге балама ұсыныс береді.

Осы жобаны іске асыруға мүдделі болған жағдайда "Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы" ММ баламалы ұсыныстарды Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, тел.8(7282) 702748 мекенжайы бойынша 2020 жылғы 17 шілдеден кешіктірмей қабылдайды.

Жауапты тұлға: "Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы" ММ басшысының орынбасары»

Каербекова Асель Канатовна, ұялы тел.: +7 7472523900

Дата публикации
18 июня 2020
Дата обновления
18 июня 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
04 августа 2025
«Адал ұрпақ» мектеп клубтары бойынша ақпарат
Пайдалы ақпарат
04 августа 2025
«Саналы ұрпақ» клубтарының жүйелі жұмысы
Ақпарат
08 августа 2024
Кәсіпкерлерді әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу алгоритмі

Социальные медиа

facebook
Instagram
ВКонтакте

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы