Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі "ШҚО білім басқармасы" ММ атынан "Курчатов қаласындағы 120 орындық "Тополек" бала бақшасын қайта құру" жобасы бойынша (бұдан әрі "МЖӘ жобасы") жеке әріптесті таңдау бойынша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды және әлеуетті жеке әріптестерді конкурсқа қатысуға шақырады.
Жоба 120 орындық "Тополек" бала бақшасының ғимаратын қайта жаңартуды, сондай-ақ оны 15 жыл бойы жеке әріптеспен пайдалануды көздейді.
МЖӘ объектісі 120 орындық "Тополек" балабақшасының ғимараты және мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бойынша қызмет көрсету болып табылады.
Жобаны іске асыру орны: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Курчатов қаласы, Абай көшесі 33А.
Жекеше әріптестің шығындарын өтеу көздері ретінде инвестициялық шығындарды 4 жыл ішінде өтеу болжанады.
Жобаны іске асыру мерзімі: 15 жыл және 6 ай.
Конкурсқа "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" ҚРЗ 32-бабында көрсетілген біліктілік талаптарына және жекеше әріптесті таңдау бойынша конкурстық құжаттамаға жауап беретін барлық әлеуетті жеке серіктестер жіберіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Конкурстық құжаттаманың көшірмесі ШҚО, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, № 705 бөлме мекен-жайы бойынша сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін және сағат 14-30-дан 18-30-ға дейін ұсынылады.
Конкурстық құжаттама пакеті тегін беріледі.
Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді, сондай-ақ конвертке желімделген біліктілік іріктеуге арналған құжаттарды әлеуетті қатысушылар "ШҚО білім басқармасы" ММ-не мына мекен-жай бойынша: ШҚО, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі 59/1, № 705 кабинетке тапсырады.
Жоба бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2020 жылғы 29 маусым сағат 13-00-ге дейін.
Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша 2020 жылғы 29 маусым күні сағат 15-00-де жүзеге асырылады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (7232) 702748 телефоны бойынша, сондай-ақ "ШҚО өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ 8 (7232) 26-23-96 телефоны бойынша алуға болады. ppp.vko@gmail.com ескерту.