Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Глубокое ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бағынысты білім беру мекемелері басшыларының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды (бұдан әрі- Конкурс):
1) Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Верхнеберезовский ауылы, Школьная көшесі, үй 10 мекенжайы бойынша орналасқан, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Верх-Березовка бастауыш мектебі-балабақша кешені» КММ директоры;
2) Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Предгорное ауылы, Киров көшесі, 52 үй мекенжайы бойынша орналасқан, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің
«Предгорное орта мектебі-балабақша кешені» КММ директоры (негізгі қызметкердің уақытша бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыстағы уақытында, 28.12.2028 ж. дейін);
3) Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Белоусовка кенті, М.Горький көшесі, 20 А үй мекенжайы бойынша орналасқан, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Белоусовка негізгі мектебі» КММ директоры;