Мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

Облыстың білім беру саласында 35 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның ішінде жергілікті атқарушы орган арқылы 14 қызмет (оның ішінде 3 мемлекеттік қызмет «ШҚО білім басқармасы» ММ көрсетіледі), тікелей білім беру ұйымдарында 22 қызмет (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында - 8 қызмет, арнаулы ұйымдарда - 3, орта білім беру ұйымдарында - 8, мектепке дейінгі ұйымдарда - 2, қосымша білім беру ұйымдарында - 1). «Педагогтердің біліктілік санаттарын беру және растау рәсімінен өту үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін білім беру ұйымдары мен қала/ аудандардың білім бөлімдері де көрсетеді.

Білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі:

1) Он жасқа толған баланың пiкiрiн ескеру туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органының шешімін беру

2) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету

3) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау

4) Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау

5) Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау

6) Шалғайдағы ауылдық мекендерде тұратын балаларға жалпы білім беретін ұйымдарға және үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну

7) Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну

8) Мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалыс беруге құжаттар қабылдау және жолдамалар беру

9) Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру

10) Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету және тексеру

11) Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу

12) Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндігі шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнаулы білім беру ұйымдарына қабылдау

13) Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру

14) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру

15) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау

16) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау

17) Педагогтердің аттестаттаудан өтуі үшін құжаттарды қабылдау

18) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру

19) Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау

20) Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру

21) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну

22) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру

23) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау

24) Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою

25) Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы төлеуді тағайындау

26) Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурсқа құжаттарды қабылдау

27) Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру

28) Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау

29) Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру

30) Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді және оның мөлшері

31) Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою

32) Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлем тағайындау

33) Мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалыс беруге құжаттар қабылдау және жолдамалар беру

34) Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау

35) Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу. 

Өткен 2024 жылы облыстың білім беру желісі бойынша 150800 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олардың ішінде: кеңсе арқылы қағаз нысанда – 20566, балама негізде кеңсе арқылы қағаз нысанда – 77041; мемлекеттік корпорация (ХҚКО) арқылы – 758, «электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы электрондық түрде – 12564, қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде 39871 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

Тұрғындар арасында есептік кезеңде ең көп сұранысқа ие болған мемлекеттік қызмет 1-сыныпқа қабылдауға өтініш беру қызметі болды.

Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланысын болдырмау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін мемлекеттік қызметтер электрондық түрде ұсынылады. Бүгінгі күні 33 мемлекеттік көрсетілетін қызмет электрондық форматқа ауыстырылды, бұл рәсімнің ашықтығын қамтамасыз етеді және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырады. Сонымен қатар, баламалы негізде қағаз нысанда көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы 21 мемлекеттік қызмет, ақпараттық жүйелер арқылы 20 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 2024 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 40-тармағына сәйкес ШҚО білім басқармасы басшысының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №602 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес 27 бақылау іс-шарасы өткізілді. Олардың барлығы «Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру» (es.iac.kz) ақпараттық жүйесінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтерді пайдалана отырып, қажетті құжаттардың көшірмелерін талап ете отырып жүргізілді. Өткізілген бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 2 білім бөлімінде және 25 ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарында 367 бұзушылық анықталды, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу фактілері - 4, құжаттардың толық пакеті болмаған кезде мемлекеттік қызметтер көрсету – 24, бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында көзделмеген құжаттарды талап ету – 32, бизнес-процесті бұзып мемлекеттік қызмет көрсету – 180, жұмыс кестесін сақтамау – 10, өзге де бұзушылықтар – 35, есепті деректердің сәйкессіздігі – 82. Нәтижесінде, оларды жою бойынша 60 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды. Сондай-ақ, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының 4 қызметкері және білім бөлімінің 1 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Білім беру ұйымдарында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді, онда көрсетілетін қызметті алушылар қажетті қызметті электрондық түрде ала алады және ақпараттық стендтер орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдардың саны 4 адамды құрайды. Сондай-ақ, қалалар мен аудандардың білім беруді басқару органдары қызметкерлерді мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 2025 жылы біліктілікті арттыру курстарына жіберу үшін қаражат көздеді. Білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру үшін ведомстволық бағынысты ұйымдар 88651 адамды қамти отырып, 487 түсіндіру іс-шараларын өткізді және консультациялық көмек көрсетті.

 

 

Дата публикации
30 апреля 2025