Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бағынысты мемлекеттік орта білім беру және мектепке дейінгі мекемелері басшыларының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды (бұдан әрі- Конкурс):
1) ШҚО Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласы, Аврора көшесі, 2 мекенжайында орналасқан, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №5 жалпы орта білім беретін мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені» КММ директоры.
2) ШҚО, Шемонаиха ауданы, Усть-Таловка ауылдық округі, Усть-Таловка а., Школьная көшесі, 3 мекенжайында орналасқан, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «И.М.Астафьев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директоры.
3) ШҚО, Шемонаиха ауданы, Выдриха ауылдық округі, Выдриха ауылы, А. С. Иванов көшесі, 2 мекенжайында орналасқан, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «А.С.Иванов атындағы Выдриха жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы» кешені» КММ директоры.