«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 070004, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, 6-қабат, 605-кабинет, анықтама үшін телефон 8 (7232) 70-23-61, эл.пошта G.Kalimova@akimvko.gov.kz барынша рұқсат етілген файлдар өлшемі 10 MB, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына жалпы конкурс жариялайды:
Функционалдық қызметтері:
Басқарманың қарауына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы тіркеу және есепке алуды қамтамасыз ету;
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша құқықтық статистика және арнайы есептер субъектісі мәліметтерді ұсынудың ақпараттық жүйесімен ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистикасы мен арнайы есептері комитетіне «Тұлғалардың өтініштерін бірыңғай есепке алу» белгіленген есебін құру, ұсыну;
Білім басқармасының басшысы мен оның орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдау бойынша қажетті құжаттардың жүргізілуін қамтамасыз ету;
Сенім телефоны бойынша және жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған жәшіктер бойынша жұмысты ұйымдастыру, білім басқармасына келіп түскен жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің есебін тіркеу және жүргізу;
Жоғары тұрған органдарға басқарманың жұмыс жоспарын және оның орындалуы бойынша ақпаратты уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету;
Басшыға қол қоюға ұсынылған құжаттардың рәсімделуінің дұрыстығына бақылауды жүзеге асыру;
Мемлекеттік тілдегі құжаттаманың жүргізілуі және рәсімделуі бойынша Басқарма жұмысын қамтамасыз ету, мемлекеттік тілде дайындалған құжаттардың сапасына бақылау жасау, мемлекеттік тілдегі құжаттарды редакциялау;
Басқарманың ресми сайтының қызмет етуін ұйымдастыру бойынша, соның ішінде виртуалды қабылдау бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырады, сайтты сапалы ақпараттық материалдармен толықтыруға және виртуалды қабылдауға қатысушылардың сұрақтарына уақтылы жауаптарды ұсынуға бақылау жасайды;
Өзінің құзыреттілігі шегінде бағалаудың сәйкес бағыттары бойынша Басқарманың қызмет тиімділігін бағалауға арналған материалдардың даярлануына бақылауды жүзеге асыру;
Жетекшілік ететін мәселелері бойынша жиынтық есепті, мәліметтерді, анықтамалық материалдарды жинау, өңдеу, талдау, құруды жүзеге асыру;
Бөлімнің құзыреттілігіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте облыстық (республикалық), конференциялар, семинарлар, дөнгелек үстелдер, кеңестер және т.б. ұйымдастыру және өткізу;
Бөлімнің құзыреттілігіне жататын мәселелер бойынша комиссия, жұмыс тобының жұмысына қатысу;
Өзінің құзыреттілігі шегінде облыстың қала және аудандарындағы білім беру ұйымдарының әкімшіліктеріне, педагогикалық ұжымына, жергілікті атқарушы органдарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу, кеңес беру, әдістемелік, тәжірибелік көмек көрсету;
Өзінің құзыреттілігі шегінде өңірлік бағдарламалар әзірлеуге, ақпаратты, анықтама материалдарын дайындауға қатысу;
Өзінің құзыреттілігі шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Басқарманың ішкі еңбек тәртібі ережелерін, заңнамаға сәйкес әкімшілік рәсімдерді сақтау;
Жетекшілік ететін мәселелері бойынша меншік түріне қарамастан түрлі мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, қоғамдық құрылымдармен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен және өзге ұйымдармен өзара әрекет ету;
Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына жол бермеу, өзге мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деректерін жою, сондай-ақ жемқорлық көріністеріне қарсы тұру қажет;
Сапа менеджменті жүйесін сақтайды және өзінің лауазымдық міндеттерін сапа саласында бекітілген Саясат пен Мақсатқа сәйкес орындайды;
Басқармаға жүктелген міндеттерді, функцияларды, тапсырмаларды және жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың жарлықтарын сапалы, жедел орындауды қамтамасыз ету үшін өзге де әрекеттерді жүзеге асырады.
Біліктілік талаптары: «Білім», «Құқық» (құқықтану, құқық қорғау қызметі), «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (психология, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ – қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы, электрондық пошта арқылы: G.Kalimova@akimvko.gov.kz, не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:
3) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
4) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Қағидалардың 76-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Конкурс қатысушылардың дәйексіз мәліметтерді ұсынуы оларды әңгімелесуге жіберуге бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ-де оларды әңгімелесуге жіберу туралы кандидаттар хабарландырылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі к., 59/1, 605 кабинетке ұсынылуы қажет.
Конкурс қатысушылары және үміткерлер 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурстық комиссияның шешіміне шағымдана алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.
Анықтама үшін телефон 8(7232)70-23-61, e-mail: G.Kalimova@akimvko.gov.kz