«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 070004, Өскемен қаласы,   Қазақстан көшесі, 59/1, 6-қабат, 605-кабинет, анықтама үшін телефон   8 (7232) 70-23-61, эл.пошта G.Kalimova@akimvko.gov.kz барынша рұқсат етілген файлдар өлшемі 10 MB, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

  1. Тұлғаны рухани-адамгершілік дамыту және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы санаты (Д-О-3) - 1 бірлік лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 126357 теңгеден 170599 теңгеге дейін.

Функционалдық қызметтері:

Бөлімге жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына бақылауды, жалпы басшылықты жүзеге асыру;

Бөлім жұмысын белгіленген тәртіпте ағымдағы және перспективалық жоспарлауды жүзеге асыру, олардың орындалуын бақылайды және талдайды;

Мемлекеттік және жергілікті бағдарламаларды (БДМБ, АДБ және қызметтің өзге бағыттары бойынша), басқарманың жоспарын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету және онда қойылған мақсаттарға, міндеттерге және көрсеткіштерге қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша қол жеткізу;

Бөлімнің құзыреттілігіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте облыстық (республикалық), конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, кеңестер және т.б. ұйымдастыру және өткізу;

Бөлімнің құзыреттілігіне жататын мәселелер бойынша  комиссия, жұмыс тобының жұмысына қатысу;

Өзінің құзыреттілігі шегінде облыстың қала және аудандарындағы білім беру ұйымдарының әкімшіліктеріне, педагогикалық ұжымына, жергілікті атқарушы органдарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу, кеңес беру, әдістемелік, тәжірибелік көмек көрсету;

Өзінің құзыреттілігі шегінде өңірлік бағдарламалар әзірлеуге, ақпаратты, анықтама материалдарын дайындауға қатысу;

Жетекшілік ететін мәселелері бойынша меншік түріне қарамастан түрлі мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, қоғамдық құрылымдармен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен және өзге ұйымдармен өзара әрекет ету;

Жетекшілік ететін мәселелері бойынша білім басқармасының алқасына, облыс әкімдігінің отырысына, мәжілістерге материалдар дайындау; Алқа отырысы мен кеңестер жұмысына қатысу;

Өз құзыреттілігі шегінде білім беру ұйымдардың мемлекеттік қызмет көрсетуін үйлестіру және бақылау;

Тұлғаны рухани-адамгершілік дамыту және тәрбие жұмысы мәселелері бойынша бөлім, сондай-ақ білім беру органдарының жұмысын талдау, бөлім жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарды басшылықтың қарауына ұсыну;

Бөлім құзыреттілігіне енетін мәселелер жөніндегі БжҒМ, білім басқармасының бұйрықтарын, облыстың қалалары мен аудандарындағы білім беру бөлімдеріне уақтылы жеткізуді және орындауды қамтамасыз ету;

Өңірдегі балалардың жазғы демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыру және мектеп оқушыларына қосымша білім беру мәселелері бойынша жұмысты жүзеге асыру;

«Өзін-өзі тану» курсын жүргізу мәселелері бойынша қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің жұмысын үйлестіру;

Тұлғаны рухани-адамгершілік дамыту және тәрбие жұмысы мәселелері бойынша жылдық есептерді жинау, өңдеу және тапсыруға бақылауды жүзеге асыру;

Мектеп оқушылары арасында облыстық конкурстарды, байқауларды, фестивальдерді дайындау және өткізуді қамтамасыз ету;

Қолайсыз отбасында жергілікті есепті ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;

Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның жұмысын ұйымдастырады;

Салауатты өмір салтын насихаттау және кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және балалардың қараусыз, панасыз қалуын, нашақорлық пен маскүнемдікті, балалар еңбегін пайдалануды, кәмелетке толмағандарға жыныстық қол сұғылмаушылық, зорлау және қатыгездік қарым-қатынас және балалар ортасындағы өзге де жағымсыз көріністердің алдын алу;

Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызмет ережелерін уақтылы әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады;

Өз құзыреттілігі шегінде хаттар, өтініштер, шағымдарды уақтылы қарауды қамтамасыз етеді;

Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына жол бермеу, өзге мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деректерін жою, сондай-ақ жемқорлық көріністеріне қарсы тұру қажет;

Басқарманың ішкі еңбек тәртібі ережелерін, заңнамаға сәйкес әкімшілік рәсімдерді сақтау.

Жетекшілік ететін мәселелері бойынша заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді сапалы орындау бойынша мамандармен және басқарма бөлімдерімен өз құзыреттілігі шегінде бірлесіп жұмыс жасау;

Сапа менеджменті жүйесін сақтайды және өзінің лауазымдық міндеттерін сапа саласында бекітілген Саясат пен Мақсатқа сәйкес орындайды.

Басқармаға жүктелген міндеттерді, функцияларды, тапсырмаларды және жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың жарлықтарын сапалы, жедел орындауды қамтамасыз ету үшін өзге де әрекеттерді жүзеге асырады.

Біліктілік талаптары: «Білім» мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар ШҚО, Өскемен қ., Қазақстан көшесі, 59/1, 605 кабинет мекен жайы бойынша «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ-не, электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не G.Kalimova@akimvko.gov.kz электрондық почта мекенжайына мынадай құжаттарды тапсырады:

1) қосымшаға сәйкес өтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.        

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы»  мемлекеттік мекемесінде өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне 5 жұмыс күні ішінде шағымдана алады.

Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Анықтама телефондары: 8 (7232) 702-361, e-mail: G.Kalimova@akimvko.gov.kz.

Қосымша

Дата публикации
07 октября 2020