Әдістемелік жұмыс бөлімі басшысының бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру
ШҚО білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ, Чехов көшесі 63, пошталық мекенжайы: 070004, Өскемен қ., Чехов көшесі 63, электрондық мекенжайлары: RCPP_UO_VKO@mail.kz, инст: sluzhba_doveriya; телефондары 26-78-22, м. т. 87017072438 өңірлік орталықтың әдістемелік жұмыс бөлімі басшысыныңқазақ тілінде бос лауазымының бар екендігі туралы хабарлайды
Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығының әдістемелік жұмыс бөлімі басшысының негізгі функционалдық міндеттері:
бағыты бойынша ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады, жұмыс жоспарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді, әдіскерлердің (психологтардың)жұмысын үйлестіру;
материалдарды, технологияларды, әдістемелерді игеруге және әзірлеуге көмек көрсету;
беру (растау) рәсімін дайындауға және өткізуге қатысу;
және талдамалық құжаттаманы жүргізеді, бөлім қызметінің нәтижелерін бақылайды, талдайды, жинақтайды және әкімшіліктің назарына жеткізеді, бөлім қызметінің перспективалық бағдарламасын жасау;
(жобаларды, ережелерді, конференцияларды, дөңгелек үстелдерді, семинарларды, тренингтерді, ата-аналар жиналыстарын әзірлеу);
әлеуметтік педагогтардың балаларды зорлық-зомбылықтан, суицидтің алдын алу мәселелері бойынша құзыреттерін арттыруды және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз етуді қадағалау жүргізу арқылы психологиялық-педагогикалық құзыреттерін арттыруды ұйымдастыру;
әдістемелік қолдауды ұйымдастыру;
бейінді ұйымдармен және мекемелермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
Еңбек жағдайлары: толық жұмыс күні (9.00-18.00), 2 демалыс күні (сенбі, жексенбі), әлеуметтік және еңбек кепілдіктері еңбек заңнамасына сәйкес қамтамасыз етіледі (демалыс, аурухана парағы, кәсіподақ және т. б.); жалақы мөлшері еңбекақы саласындағы заңнамамен реттеледі, жұмыс өтіліне, қызметкердің біліктілік санатына байланысты 143 000-нан 262 000 теңгеге дейін құрайды.
Біліктілік талаптары ҚР БҒМ педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" 2009.07.13 № 338 бұйрығымен регламенттеледі (жаңа редакцияда-ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.04.30 № 169 бұйрығымен): тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім ("Психология" немесе "Психология және педагогика"), психологиялық-педагогикалық жұмыс және (немесе) педагогикалық жұмыс және практикалық психология өтілі кемінде 3 жыл;және (немесе) "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер"біліктілігінің болуы.
Құжаттарды қабылдау мерзімі 5 тамыздан 13 тамызға дейін(хабарландыру берілгеннен бастап 7 күн)
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі (электрондық немесе қағаз түрінде):
1) нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы"ҚР ДСМ міндетін атқарушының 30.10.2020 жылғы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ)немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.