Әдіскердің бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Әдіскердің бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

ШҚО білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ, Чехов көшесі 63, пошталық мекенжайы: 070004, Өскемен қ., Чехов көшесі 63, электрондық мекенжайлары: RCPP_UO_VKO@mail.kz,  инст: sluzhba_doveriya; телефондары 26-78-22, м. т. 87017072438 өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығының қазақ тілінде әдіскерінің бос лауазымының бар екендігі туралы хабарлайды.

 

       Негізгі функционалдық міндеттері:

  • РҚАО-ның және білім беру ұйымының психологиялық қызметтерінің тиімді

тәжірибесін мониторингтеуді, талдауды, жинақтауды және таратуды қамтамасыз ету;

  • білім беру ұйымдарында білім алушылармен психологиялық-педагогикалық

жұмыстың жай-күйін талдайды және оның тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

  • білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтерін әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге

асыру;

  • психологтардың, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың қызмет

бағыттары бойынша біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысқа қатысу;

  • курсаралық кезеңде психологиялық қолдау мамандарының әдістемелік жұмысының

тиімділігін зерттеу;

  • әдістемелік және ақпараттық материалдарды әзірлеуге, психологтардың біліктілігін

арттыруды диагностикалауға, болжауға және жоспарлауға қатысу;

  • психологиялық қызмет мамандарына көмек ретінде әзірлемелер, тестілік және өзге де

материалдар жасау, аудандық психологиялық қолдау кабинеттерін, ауданның(қаланың)білім беру ұйымдарын хабардар ету;

  • психологтарға жұмысты ұйымдастыруға психологиялық қамтамасыз етуге көмек

көрсету;

  • білім беру ұйымдарының білім беру қызметі;
  • әдістемелік және психологиялық жұмысты ұйымдастыруда білім беру ұйымдарының

психологиялық қызметтерінің басшылары мен мамандарына консультациялық және практикалық көмек көрсету;

  • ата-аналарға бала-ата-ана қарым-қатынасы мен отбасылық тәрбиенің психологиялық

аспектілері бойынша білім беруді ұйымдастыру;

  • білім беру процесіне қатысушыларды психологиялық қолдау саласындағы озық

отандық және әлемдік тәжірибе туралы ақпаратты жинақтайды және тарату;

  • әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-талдамалық материалдарды жинауды,

жинақтауды және жүйелеуді жүзеге асыру;

  • педагогтердің оқу-әдістемелік құжаттамасын (дидактикалық материалдар),

семинарларын, конференцияларын, конкурстарын, олимпиадаларын әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастыру;

  • есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз ету;
  • еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайды.

Еңбек жағдайлары: толық жұмыс күні (9.00-18.00), 2 демалыс күні (сенбі, жексенбі), әлеуметтік және еңбек кепілдіктері еңбек заңнамасына сәйкес қамтамасыз етіледі (демалыс, аурухана парағы, кәсіподақ және т. б.); жалақы мөлшері еңбекақы саласындағы заңнамамен реттеледі, жұмыс өтіліне, қызметкердің біліктілік санатына байланысты 132 000-нан 198 000 теңгеге дейін құрайды.

Біліктілік талаптары ҚР БҒМ педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" 2009.07.13 № 338 (жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.04.30 № 169 бұйрығымен): жоғары және (немесе)жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім (психология бейіні бойынша) немесе сәйкесінше өзге де кәсіптік білім-педагогикалық қайта даярлауды, өтілін растайтын құжат-педагогикалық жұмыс және(немесе) практикалық психологияның педагогикалық жұмысы кемінде 5 жыл.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 5 тамыздан 13 тамызға дейін(хабарландыру берілгеннен бастап 7 күн)

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі (электрондық немесе қағаз түрінде):

1) нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы"ҚР ДСМ міндетін атқарушының 30.10.2020 жылғы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ)немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

 

 

Дата публикации
05 августа 2024