Жоғары білімді кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ЖОО арасында конкурс өткізу туралы хабарландыру
2024/2025 оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы.
Конкурсты ұйымдастырушы:
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы.
Конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2024 жылғы 27-31 мамыр аралығы, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.
Конкурс туралы ақпарат:
Конкурс «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығына сәйкес өткізіледі (бұдан әрі-Ереже).
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін жоғары оқу орындары Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының кеңсесіне электрондық форматта мынадай құжаттарды жібереді:
1) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша жоғары оқу орнының өтінімі;
2) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша жоғары оқу орнының сауалнамасы;
3) Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша тиісті оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстарды қамтитын конкурстық өтінім.
4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша тиісті оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстарды қамтитын конкурстық өтінім береді.
Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар нөмірленеді, ЖОО-ның бірінші басшысы қол қояды, мөрмен куәландырылады және Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының кеңсесіне электрондық форматта ұсынылады.
Конкурстық өтінім конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағаттан және күннен кешіктірілмей ЖАО-ға жіберіледі. Конкурстық өтінімді беру мерзімі өткен соң түскен конкурстық өтінім кешіктірілу себептеріне қарамастан қаралмайды. Оларды беру мерзімі өткеннен кейін конкурстық өтінімге қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
ЖАО комиссиясы конкурстық өтінімді өтінім берілген күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде қарайды, олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келу дәрежесін айқындайды.
Мемлекеттік тапсырысты орналастыруға ұсыныстардың электрондық нұсқасын bilim@akimvko.gov.kz, center_tipo_sp@mail.ru электрондық пошталарына жіберу қажет.
Байланыс телефоны: 8/7232/701 130.