Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы конкурс жариялайды

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы білім беру ұйымының басшысы бос лауазымдарына (бұдан әрі- Конкурс) орналасуға конкурс жариялайды:

1) Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Кеңгірбай би ауылы, Сүндетбай көшесі, 13 мекенжайы бойынша орналасқан: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Абай колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.

2) Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Марқакөл ауылы, Журба көшесі, 42 мекенжайы бойынша орналасқан: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Күршім колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.

3) Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы, Қабанбай көшесі,  1 мекенжайы бойынша орналасқан: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Тарбағатай колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.

4) Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Островское көшесі,  86 мекенжайы бойынша орналасқан: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Риддер көпсалалы колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.

Негізгі қызметі: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, кәсіптік дайындық (қайта даярлау) бойынша оқу бағдарламаларын жүзеге асыру. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; білім беру саласындағы педагогикалық жұмыс өтілі соңғы бес жылдан кем емес, оның ішінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе тиісті бейін бойынша; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі кемінде бес жыл жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін, өндірістен өткен тұлғаларды қоспағанда).

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика және психология негіздерін, қазіргі педагогтік ғылым мен тәжірибе жетістіктерін; басқарудың инновациялық әдістерін; экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық мәселелерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелер мен нормаларын.         

Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына және білім беру ұйымының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды.

Оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің кестесін, ішкі тәртіп ережесін бекітеді.

Білім беру ұйымының басқару құрылымын, штаттық кестесін, қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді.

Білім алушылардың контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қоғамдық тамақтандыру, медициналық қызмет көрсету ұйымдарының жұмыс істеу және олардың жұмысына бақылауды ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді.

Жұмыс берушілермен және әлеуметтік әріптестермен жүргізілетін жұмысты үйлестіреді.

Қолда бар мүліктер мен құралдарға билік жүргізеді, оқу-материалдық базаны толтыруды және оның есебі мен сақталуын, санитарлық-гигиеналық ережелер тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Материалдық-техникалық базаны қайта жарақтауды және қайта құруды ұйымдастырады.

Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады.

Білім беру ұйымының оқыту қызметінің саласын дұрыс ұстау және кеңейту мақсатында инновациялық білім технологияларын енгізуді және тартуды қамтамасыз етеді.

Кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, педагогикалық және тәрбие процесінің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді, олардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.

Үздіксіз кәсіптік оқыту жөнінде білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмыс бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырады.

Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етеді, ата-аналармен (олардың орнын басушы адамдармен) жүргізілетін жұмысты үйлестіреді.

Жоғары тұрған, қоғамдық және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының мүддесін білдіреді.

Әлеуметтік серіктестік және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі шараларды жүзеге асырады.

Уәкілетті органға (құрылтайшыға) оқу, ғылыми және қаржылық қызмет нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті ұсынады.

Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарын орындауды қамтамасыз етеді және қауіпсіз еңбек етуге жағдай жасайды.

Біліктілік санаттарын беру (растау) кезінде қойылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен басшылары орынбасарларының тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді.

Лауазымдық ақысы 101 404 – 122 994 теңге көлемінде.

Конкурсты өткізу күні: «18» тамыз 2020 жыл

Конкурсты өткізу орны: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, 6-қабат, 607 кабинет, «ШҚО білім басқармасы» ММ.

Конкурс «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы (бұдан әрі – Қағида)  негізінде жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат ұсыну керек:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі (ЖОО жеке үлгісіндегі құжат);

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;

6) қолданыстағы жазалаулары мен көтермелеулерін көрсете отырып, алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;

11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);

12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен растайды.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.

Бұрын сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдаудың алдын алу мақсатында білім беруді басқару органының кадр қызметі кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы қосымша сұрау жібереді.

«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында көрсетілген адамдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді:

1) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;

3) медициналық қарсы көрсетілімдері бар, психиатриялық және (немесе) наркологиялық есепте тұрған;

4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттары жоқ адамдар;

5) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген өзге де шектеулер негізінде жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 2020 жылғы «6» тамыздан бастап «14» тамыз аралығында 7 жұмыс күні ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: 070004 Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, 6 қабат, 605 кабинет, байланыс телефоны: (7232) 702-361 электрондық мекенжай: G.Kalimova@akimvko.gov.kz.

 

Ескерту: «Шығыс Қазақстан облысының аумағында қатаң шектеу шараларын ұзарту туралы»  Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылғы 2 тамыздағы №20 қаулысы негізінде, карантин кезеңінде келесі шешім қабылданды: кандидаттардың құжаттары жоғарыда көрсетілген G.Kalimova@akimvko.gov.kz. электронды пошта арқылы немесе пошталық байланыс арқылы ғана қабылданады.

Форма заявления
Дата публикации
06 августа 2020