Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы «Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытындағы жобалар тобын (бұдан әрі – ҮББ-4) іске асыруда. Оның мақсаты - мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастыру сапасын арттыру және жобалық басқару құралдары арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі квазимемлекеттік сектордың жұмысын ұйымдастыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың тиімділігін қамтамасыз ету.
Іс-шараларды үйлестіру үшін облыс әкімдігінің базасында жобалық кеңсе құрылды, әрбір мемлекеттік органда жобалық кеңсемен өзара әрекеттесу үшін жауапты тұлғалар анықталды.
ҮББ-4 жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қойылған міндеттерді іске асыру бойынша кешенді жоспар әзірленді.
Жоба 4 бағыт бойынша жүзеге асырылуда:
Жоба екінші жыл жүзеге асырылуда. 2022 жылы пилоттық жобаға тек облыстық басқармалар тартылса, 2023 жылдан бастап барлық қалалар мен аудандардың әкімдіктері тартылды.