Жоғары білімді кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ЖОО арасында конкурс өткізу туралы хабарландыру

2020/2021 оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы.

Конкурсты ұйымдастырушы:

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы.

Конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2020 жылдың 1 маусымынан 5 маусымына, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.

Конкурс туралы ақпарат:

Конкурс «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығына сәйкес өткізіледі (бұдан әрі-Ереже).

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына білім бағдарламалары тобы бойынша әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарында және жоғары оқу орнын бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткіші шекті мәннен төмен емес (85%), ШҚО әкімінің өкімімен бекітілген білім бағдарламалар тобына сәйкес жоғары оқу орындары қатысады (1 Қосымша).

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін жоғары оқу орындары Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының кеңсесіне  электрондық форматта мынадай құжаттарды жібереді:

1) Қағидалардың 13-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша жоғары оқу орнының өтінімі;

2) Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша жоғары оқу орнының сауалнамасы;

3) Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша тиісті оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстарды қамтитын конкурстық өтінім.

Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар нөмірленеді, ЖОО-ның бірінші басшысы қол қояды, мөрмен куәландырылады және Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының кеңсесіне электрондық форматта ұсынылады.

Конкурстық өтінім конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағаттан және күннен кешіктірілмей ЖАО-ға жіберіледі. Конкурстық өтінімді беру мерзімі өткен соң түскен конкурстық өтінім кешіктірілу себептеріне қарамастан қаралмайды. Оларды беру мерзімі өткеннен кейін конкурстық өтінімге қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

ЖАО комиссиясы конкурстық өтінімді өтінім берілген күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде қарайды, олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келу дәрежесін айқындайды.

Мемлекеттік тапсырысты орналастыруға ұсыныстардың электрондық нұсқасын bilim@akimvko.gov.kz, center_tipo_sp@mail.ru электрондық пошталарына жіберу қажет. Байланыс телефоны: 8/7232/701 130.

Дата публикации
01 июня 2020