Әдеп жөніндегі уәкілі Гүлмира Мамырбекқызы Искакова 2022 жылғы 28 қыркүйекте Білім басқармасының қызметкерлерімен семинар өткізді. Ұжымдағы өзара іс-қимыл, әртүрлі жұмыс жағдайларында мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық этикасын сақтау мәселесі талқыланды. Тақырыпты бекіту үшін әріптестер бірлесіп талқылаған практикалық ситуациялық міндеттер ұсынылды. Сондай-ақ, қарым-қатынас этикасы бойынша сканвордты шешуге арналған командалар сайысы өткізілді.
Сондай-ақ, семинарда басқарма қызметкері маңызды отбасылық оқиғамен құттықталды, өйткені жақсы ұжымда әрбір қызметкердің өмірінде болып жатқан оқиғаларға ешкім бей-жай қарамайды.