2022 жылғы 2 маусымда Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмыс жоспары шеңберінде ШҚО білім басқармасы ұжымының Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің превенция басқармасының қызметкері Гүлнұр Айткурмановна Бекбаевамен кездесу-семинары өткізілді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызмет бойынша нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер бойынша түсініктемелер берілді. Қызметкерлер облыста өткізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар бойынша пайдалы ақпарат алды.
Бұдан әрі әдеп жөніндегі уәкіл Г.М. Искакова ұжыммен мінез-құлық нормаларын сақтау қажеттілігі бойынша әңгіме, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің ар-намыс Кодексін білуге арналған интерактивті тест өткізді. Тест екі команданың ойын-жарысы түрінде өткізілді.