Субботник

2022 жылдың 9 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының қызметкерлері Өскемен қаласындағы «Самал» шағынауданының аумағын қоқыстан тазарту бойынша қоғамдық жұмыс күнін өткізді. Қалада экологиялық сенбілік өткізу игі дәстүрге айналған. Соңғы уақытта қоршаған ортаға көп көңіл бөлінуде. Бұл адамзат өз үйінің, өз елінің тазалығы мен қорғалуы үшін күресе бастағандағы жаһандық үрдіс. Сенбілік – көпшіліктің үлкен ықыласпен, ең бастысы, шын ықыласпен бастайтынының көрсеткіші.

Дата публикации
13 апреля 2022