Қазақстан Республикасы Конституциясының 33 - бабы 4 -тармағына сәйкес, Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар. Мемлекеттік қызметші лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына ғана байланысты болады және заңмен белгіленеді.
Азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында,бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға, сондай-ақ құқық қорғау органдарына орналасуға конкурстық іріктеу рәсімінің басталғаны туралы хабарландырулар міндетті түрде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми сайтында жарияланады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:
1) мекен-жайы көрсетілген конкурс өткізетін мемлекеттік органның атауы, почталық мекен-жайлары, телефон және факс нөмірлері, электрондық пошта мекен-жайлары;
2) негізгі функционалдық міндеттері, еңбек ақысының көлемі мен шарттары көрсетілген бос лауазымдар;
3) мемлекеттік органмен айқындалған біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар;
4) құжаттарды қабылдау мерзімі, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
5) қажетті құжаттар тізбесі;
6) әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны;
7) конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат;
8) конкурсқа қатысу үшін өтініш пен Қызметтік тізімнің нысаны;
9) конкурс комиссиясының іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы ақпарат;
10) осы Қағидалармен көзделмеген кандидаттарды іріктеу құралдарын қолдану туралы ақпарат.
Егер конкурс "Б" корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына өткізілсе, бұл шарт жұмыс орны (лауазымы) сақталған уақытша болмайтын жұмыскердің жұмысқа шығу күнін көрсетумен конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.
Сондай-ақ, хабарландыруда конкурс жариялаған мемлекеттік органдардың кадр қызметтерінің байланыс деректері көрсетіледі, онда сіз өзіңізді қызықтыратын ақпаратты нақтылай аласыз.
Осылайша, егер Сіз Мемлекеттік қызметке кіруге ниет білдірсеңіз, Сіз Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми сайтын пайдалана аласыз.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша
Департаментінің мемлекеттіқ қызмет саласындағы
бақылау басқармасының бас маманы Ж. Муглиев