Қолданыстағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес меммлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға ӘҚБтК-нің бірқатар баптары бойынша хаттама жасау құқығы берілген.
Бұл ретте, практика көрсетіп отырғандай, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурстық іріктеу рәсімдері бұзылуға неғұрлым бейім, оларды сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 99-бабы 1-бөлігінің санкциясы лауазымды адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша тексеру нәтижелерінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы өз құзыреті шегінде қаралуы міндетті ұсынымдар енгізеді, сондай-ақ Заңды және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерін бұзып қабылдаған шешiмдерiнiң күшiн жою туралы лауазымды адамдар мен мемлекеттiк органдарға ұсыныстар енгізуге құқылы.
Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің адамдарды мемлекеттік әкімшілік лауазымнан құқыққа сыйымсыз босату үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын атап өткен жөн (лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады).
Осыған байланысты, егер Сіз конкурстық іріктеу рәсімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын бұза отырып өткізілген немесе өзіңіздің құқықтарыңыз бен заңды мүдделеріңізді қорғау үшін сізді әкімшілік мемлекеттік лауазымнан заңсыз босатты деп санасаңыз, Сіз Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне қағаз түрінде (ШҚО, Өскемен қ.,Н.Назарбаев даңғылы, 4үй) және "Е-Otinish" өтініштерін қабылдау және өңдеу платформасына, "Электрондық үкімет" порталы арқылы электрондық түрде жүгінуге құқылысыз.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша
Департаментінің мемлекеттіқ қызмет саласындағы
бақылау басқармасының бас маманы Ж. Муглиев