«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының
бос орнына Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы
ішкі конкурс өткізу туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 070004, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, 6-қабат,
605-кабинет, анықтама үшін телефон 8 (7232) 70-23-61, эл.пошта s.kumarbaeva@akimvko.gov.kz барынша рұқсат етілген файлдар өлшемі 10 MB, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:
Функционалдық қызметтері:
Мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды (БДМБ, АДБ және қызметтің басқа бағыттары бойынша), басқарманың стратегиялық жоспарын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету және онда қойылған мақсаттарға, міндеттерге және көрсеткіштерге қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша қол жеткізу.
Бөлім жұмысының ағымдағы және перспективалық жоспарын белгіленген тәртіпте әзірлеуді қамтамасыз етеді, олардың орындалуын бақылайды және талдайды.
Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдау.
Бөлімге басшылықты жүзеге асырады, оның қызметіне талдау жүргізеді және Бөлімге жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді.
Білім беру мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтау мәселелері бойынша облыстық білім беру ұйымдарының, қалалық және аудандық бөлімдердің жұмысын үйлестіру.
Ағымдағы және перспективалық жоспарларды жасау бөлігінде бөлімге басшылық ету, ақаулы ведомостар мен сметаларды жасауға өтінімдер пакеттерін пысықтау, авариялық объектілерді тексеруге қатысу.
Білім беру объектілерінің ғимараттары мен құрылыстарын техникалық пайдалану нормалары мен қағидаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
Облыстық ұйымдардың, білім бөлімдерінің есептерін уақытылы қабылдау және талдау бойынша бөлімнің жұмысын үйлестіру.
Басқарма алқасында, облыстық ұйымдарды, білім бөлімдерін материалдық-техникалық жарақтандыру мәселелері бойынша басшы жанындағы кеңесте материалдар дайындайды.
Жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау, бекітілген объектілер бойынша орындалған жұмыстар актілері мен көлемдерін тексеру.
Техникалық мәселелерді шешуде мердігерлік немесе сыртқы ұйымдардың сметаларды жасау кезінде мекемелерге кураторлық көмек көрсету.
Облыстың білім беру мекемелерінің ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану, шатырдың, жертөле бөлігінің жай-күйі, абаттандыру және жалпы құрылыс жұмыстары бойынша тексерілуін бақылау.
Күзгі-қысқы кезеңде білім беру мекемелерінің жұмысын бақылау.
Үй-жайларды жөндеу, пайдалану, оқу-материалдық базаларды ұстауға арналған қаражатты үнемдеу мәселелері бойынша семинарлар ұйымдастыру және өткізу.
Жетекшілік ететін мәселелері бойынша жиынтық есептерді, ақпараттарды, анықтамалық материалдарды жинауды, өңдеуді, талдауды, жасауды жүзеге асырады.
Жетекшілік ететін мәселелер бойынша облыс әкімдігі, басқарма алқалары қаулыларының, бұйрықтарының жобаларын қарауға енгізеді.
Өз құзыреті шегінде бағалаудың тиісті бағыттары бойынша Басқарма қызметінің тиімділігін бағалау үшін материалдар дайындауды жүзеге асырады.
Өз құзыреті шегінде облыстың қалалары мен аудандарының әкімшіліктеріне, жергілікті атқарушы органдарына түсініктемелер беру, консультациялық, әдістемелік, практикалық көмек көрсету.
Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді және олардың орындалуын бақылайды.
Заңнамаға сәйкес Басқарманың Регламентін, Ішкі еңбек тәртібінің ережесін, әкімшілік рәсімдерді сақтау;
Сапа менеджменті жүйесін сақтау және өзінің лауазымдық міндеттерін сапа саласындағы бекітілген Саясат пен мақсаттарға сәйкес орындау.
Басқармаға жүктелген міндеттерді, функцияларды, тапсырмаларды және жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың басқа да нұсқауларын сапалы, жедел орындауды қамтамасыз ету үшін өзге де әрекеттерді жүзеге асырады.
Біліктілік талаптары: «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылыми дәрежесінің болуы;
7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар ШҚО, Өскемен қ., Қазақстан көшесі, 59/1, 605 кабинет мекен жайы бойынша «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ-не, электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не s.kumarbaeva@akimvko.gov.kz электрондық почта мекенжайына мынадай құжаттарды тапсырады:
1) қосымшаға сәйкес өтініш;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап 1 жұмыс күн «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінде өтеді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (1 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне 5 жұмыс күні ішінде шағымдана алады.
Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Анықтама телефондары: 8 (7232) 702-361, e-mail: s.kumarbaeva@akimvko.gov.kz
"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын
транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Мекен жайы: _________________________________________________
Байланыс телефоны: ___________________________________________
e-maіl: _______________________________________________________
ЖСН: ________________________________________________________
_________ ________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))