«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 070004, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, 6-қабат,
605-кабинет, анықтама үшін телефон 8 (7232) 70-23-61, эл.пошта A.Kaiyrbaeva@akimvko.gov.kz барынша рұқсат етілген файлдар өлшемі 10 MB, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:
Функционалдық қызметтері:
Шемонаиха ауданының аумағында білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен конкурстық негізде мемлекеттік білім беру ұйымдарының (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, қосымша білім беру) басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
мемлекеттік білім беру ұйымдарында кешкі (ауысымдық) оқыту нысанын қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы берілетін жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;
мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының қажеттілігін, ата-ана төлемақысының мөлшерін айқындайды;
облыстың білім басқармасы арқылы облыстың жергілікті атқарушы органына бекітуге мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін енгізеді;
облыстың білім басқармасы арқылы орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын облыстың жергілікті атқарушы органына бекітуге енгізеді;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;
мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;
тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді);
аудандық деңгейде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
оқу-өндірістік комбинаттардың қызметін қамтамасыз етеді;
білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыруға жәрдемдеседі;
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді қамтамасыз етеді (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда);
орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
аудандық ауқымдағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына қаржылай және материалдық көмек, мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетеді;
Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шемонаиха ауданы бойынша педагогтар мен басшы білім беру қызметкерлерін аттестаттауды ұйымдастырады;
бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлау және қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі жоспарды қалыптастырады;
мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
тиісті кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды таяудағы мектепке дейін және кейін қарай тегін тасымалдауды ұйымдастырады;
Шемонаиха ауданы бойынша мемлекеттік білім беру ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
Шемонаиха ауданында орналасқан білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді;
негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;
қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;
білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарына, отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасайды;
ауданның білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі жөніндегі мәселелерді үйлестіреді;
білім бөлімінің құрылымын облыстың білім басқармасына бекітуге және келісуге енгізеді;
Шемонаиха ауданы бойынша қажеттілікке қарай мемлекеттік білім беру ұйымдарының тарификациялық тізімдерін, штат кестесін, жұмыс оқу жоспарларын (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, қосымша білім беру), сондай-ақ орта білім беру ұйымдарының сынып санын-жинағын келіседі;
мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тартады;
осы Ережемен жүктелген функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету үшін бюджеттік өтінімді сапалы жасауды және облыстың білім басқармасына ұсынуды қамтамасыз етеді және жауапты болады;
білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Біліктілік талаптары: «Білім», «Құқық» (құқықтану), «Гуманитарлық ғылымдар» (филология), «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, есеп және аудит, қаржы) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;
7) ғылыми дәрежесінің болуы;
8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар ШҚО, Өскемен қ., Қазақстан көшесі, 59/1, 605 кабинет мекен жайы бойынша «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ-не, электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не A.Kaiyrbaeva@akimvko.gov.kz электрондық почта мекенжайына мынадай құжаттарды тапсырады:
1) қосымшаға сәйкес өтініш;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінде өтеді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне 5 жұмыс күні ішінде шағымдана алады.
Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Анықтама телефондары: 8 (7232) 702-361, e-mail: A.Kaiyrbaeva@akimvko.gov.kz.