«Техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі бiлiм беретiн үздiк ұйым» Конкурсы

ШҚО білім басқармасы «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 29-б. 2-т, «Техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі бiлiм беретiн үздiк ұйым» грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 21.09.2018 жылғы № 484 бұйрығына сәйкес «Техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі бiлiм беретiн үздiк ұйым» Конкурсы өткізілетінін хабарлайды. Конкурсқа ШҚО қойылған талаптарға сай, барлық мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қатыса алады.

Конкурс талаптары ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтында орналасқан.

Конкурс Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі 59/1 ШҚО білім басқармасы өткізіледі.

Қатысушылардың тапсырыстары 2021 жылдың 20 наурызына дейін prof_vko@mail.ru электронды поштасына қабылданады.

Қосымша сұрақтар бойынша 8 (7232) 702-342 номері бойынша хабарласуға болады.

Дата публикации
11 марта 2021