Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бағынысты білім беру мекемелері басшыларының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды (бұдан әрі- Конкурс):
1) ШҚО, Ұлан ауданы, Тарғын ауылдық округі, Манат ауылы, Өтеміс көшесі, 19 мекенжайы бойынша орналасқан, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Ақжолов атындағы негізгі мектебі» КММ директоры;
2) ШҚО, Ұлан ауданы, Каменка ауылдық округі, Тройницкое ауылы, Средняя көшесі, 1 мекенжайы бойынша орналасқан Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Тройницкое негізгі мектебі» КММ директоры;
3) ШҚО, Ұлан ауданы, Тарғын ауылдық округі, Верхняя Тайынты ауылы, Бекбосынов көшесі , 25, мекенжайы бойынша орналасқан, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «М.Таенов атындағы негізгі мектебі» КММ директоры.