Облыста 1180 жетім бала мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала тұрады (олардың 766-сы отбасында қамқорлыққа алынған, 44-і патронаттық тәрбиеде, 370 бала мемлекеттік мекемелерде тұрады).
Бұл санат үшін 7 ұйым қызмет етеді: 6-сы білім беру жүйесінде – балаларды қолдау орталықтары, жастар үйі, балалар ауылы, бейімделу орталықтары; 1-і денсаулық сақтау жүйесінде – Нәрестелер үйі.
Облыста балалардың осы санатының құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша жүйелі және үздіксіз жұмыс жүргізілуде. Тұрғын үймен қамтамасыз ету, білім алуда, кәсіби бағдарлауда, әлеуметтенуде және кейінгі жұмысқа орналасуда қолдау көрсетуге бағытталған әртүрлі мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар іске асырылуда.
Жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың өмір сапасын жақсарту, оларға қолдау көрсету мақсатында 2024 жылдың ақпанынан бастап облыста Жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау бойынша Кешенді жоспарды іске асыру жұмысы қайта жандандырылды – «Мейірім» акциясы.
Қазіргі уақытта 342 тәрбиеленуші патронаттық кәсіпорындарға бекітілген. Балалардың шоттарына 50 млн теңгеден астам қаражат аударылды.
«Мейірім» акциясы аясында балалар үйлерінің әкімшіліктері тәрбиеленушілердің мамандық таңдауына көмектесу үшін патронаттық ұйымдармен бірлескен жұмысты жоспарлады. Әрбір баланың қабілеттерін анықтау және бұл ақпаратты олардың кәсіби бағдарлау процесінде одан әрі пайдалану үшін әлеуметтік-психологиялық портреті жасалды.
Жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың түлектеріне өз бетінше өмір сүру дағдыларын алуына, қаржылық сауаттылығын арттыруына ықпал ету мақсатында, жылдың құрылымында Halyk Bank және «Отбасы банк» қызметкерлерінің, сондай-аа Шығыс Қазақстан облыстық адвокаттар коллегиясы өкілдерінің ұйымдарға сапарлары жоспарланған.
Білім басқармасы отбасы мен балаға тиімді кешенді көмек жүйесін құру және отбасын қолдау кәсіби қызметтер институтын дамытуға бағытталған бірлескен іс-шараларды іске асыру бойынша «Ана үйі» Қоғамдық қорымен меморандумға қол қойды.
Балалар құқықтары саласындағы негізгі бағыттардың бірі – ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдауға бағытталған «Наставничество» жобасын іске асыру болып табылады. Облыста «Феникс» даму және бейімделу орталық» Қоғамдық бірлестігімен бірлесіп арнайы оқытудан өткен тәжірибелі мамандар қатарынан балаларға наставниктер бекіту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Наставниктер балалар үшін өмірлік дағдыларды дамытуға және өзіне деген сенімді арттыруға бағытталған семинарлар, дәрістер, тренингтер ұйымдастырады. Олар тәрбиеленушілерге қоғамдағы өмірге бейімделуге ғана емес, сонымен қатар өз әлеуетін ашуға, өз бетінше өмір сүруге дайындалуға көмектеседі.