2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Зубовск кенті әкімінің кент тұрғындарымен өткізген кездесулерінің қорытындысы бойынша проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі іс-қимыл жоспары

Зубовск кенті әкімінің 2025 жылдың I жартыжылдығының қорытындысы бойынша халықпен кездесу өткізуі туралы

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Зубовск кентінің әкімі кент тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Іс-шараларға тұрғындар, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғамдық бірлестіктер, бизнес қауымдастығы және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Кездесулер барысында тұрғындар негізінен абаттандыру мәселелерін көтерді, оның ішінде жолдарды жөндеу және күтіп-ұстау, сумен жабдықтау жүйелерінің жұмысы, көшелерді жарықтандыру, тұрмыстық қалдықтармен жұмыс, сондай-ақ ұялы байланыс пен интернет мәселелері талқыланды.

Кездесулердің қорытындысы бойынша Іс-шаралар жоспары қалыптастырылды. Барлық тапсырмалар бойынша орындау мерзімдері белгіленген және олар Алтай ауданы әкімі аппаратының бақылауында.

Аудан әкімі тұрғындарға белсенділік танытқандары үшін алғыс білдіріп, халықпен ашық диалог жүргізу жергілікті атқарушы органдар жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Дата публикации
13 января 2026