Азаматтық қорғаныстағы қызметі

Ереже
Зубовск кенті әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі туралы
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы"

1. Жалпы ережелер

1. "Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Зубовск кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-әкім аппараты) Зубовск кенті әкімінің қызметін ақпараттық – талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Әкім аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Әкім аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
5. Әкім аппаратының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Әкім аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Зубовск кенті әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Әкім аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, индексі 070813, Алтай ауданы, Зубовск кенті, Целинная көшесі, 21.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Зубовск кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже әкім аппаратының құрылтай құжаты болып табылады. Алтай ауданының әкімдігі әкім аппаратының құрылтайшысы болып табылады.
11. Әкім аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Әкім аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
13. Әкім аппаратының жұмыс режимі: қызметкерлер үшін екі демалыс күнімен бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді, жұмыстың басталуы сағат 09.00 - ден 18.30-ға дейін, демалу және тамақтану үшін үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.


2. Әкім аппаратының негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. Әкім аппаратының міндеттері;
1) әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық - техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу;
2) Зубовск кентінің бюджетін жоспарлау және атқару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Зубовск кентінің коммуналдық меншігі мен коммуналдық мүлкін басқару.
15. Әкім аппаратының функциялары:
1) Зубовск кентінің бюджетін жоспарлауды және орындауды қамтамасыз етеді;
2) жергілікті қоғамдастық жиналысына және Алтай аудандық мәслихатына Зубовск кенті бюджетінің атқарылуы туралы есеп береді;
3) жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;
4) Зубовск кентінің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша Тапсырыс беруші болады;
5) азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдайды;
6) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;
7) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
8) өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
9) Зубовск кентінің коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ Зубовск кентінің автомобиль жолдарын жөндеуді және күтіп ұстауды қамтамасыз етеді;
10) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;
11) өз құзыреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариаттық іс-әрекеттер жасауды ұйымдастырады;
13) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
14) аз қамтылған адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныстар енгізеді, жалғызілікті қарттар мен еңбекке жарамсыз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
16) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
17) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
18) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;
19) халықтың әлеуметтік осал топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
20) жазаның осы түріне сотталған адамдардың қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастырады;
21) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдеседі;
22) Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
23) шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
24) өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді;
25) ауылдық округті абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
26) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті жағдайда ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
27) кәсіби емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
28) басқаруға берілген коммуналдық мүлікті кейіннен сатып алу құқығынсыз Жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға алуға) береді;
29) бюджеттен қаржыландырылатын, берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) міндетті көлемдерін айқындайды;
30) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
31) берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
32) жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін басқармаға берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;
33) берілген коммуналдық мемлекеттік мекемелерді жергілікті бюджеттен қаржыландырудың жеке жоспарларын бекітеді;
34) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді;
35) кенттің тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;
36) аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісім бойынша кенттің авариялық объектілерін бұзуды ұйымдастырады;
37) елді мекен жерлерінде мал жаю орындарын айқындайды;
38) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
39) Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыруды, қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
40) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етеді;
41) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін қарайды;
42) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
43) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізеді;
44) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады;
45) "әкімшілік құқық бұзушылық туралы"Қазақстан Республикасы Кодексінің 729-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша хаттамалар жасайды;
46) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
16. Әкім аппаратының өз құзыреті шегінде құқығы бар:
1) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
2) мүліктік және мүліктік емес құқықтарды иеленуге және жүзеге асыруға;
3) мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық дерекқорларын пайдалануға;
4) шарттар, келісімдер жасасуға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарға ие болуға міндетті.
17. Әкім аппаратының міндеттері, Өз құзыреті шегінде:
1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан, Зубовск кенті әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;
3) қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.


3. Әкім аппаратының қызметін ұйымдастыру

18. Әкім аппаратына басшылықты Зубовск кентінің әкімі жүзеге асырады, ол әкім аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

Азаматтық қорғаныстағы қызметі
Дата публикации
08 февраля 2024