«Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Тұрғысын ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша есебі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 05 ақпанда № 19982 тіркелген, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39Н/Қ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, «Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Тұрғысын ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтің 5 түрі көрсетіледі.
2024 жылы әкім аппаратымен 11 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- ақпараттық жүйе «Е-лицензиялау» арқылы – 5;
- Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы – 5;
- баламалы негізде қағаз түрінде – 1.
Сонымен қатар, негізделген бас тарту – 1.
Динамика көрсеткендей, ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызмет - бұл қызмет:
- Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер телімдеріне құқықтарды алу - 4.
- Тұрғын үй аумағында объекті салу үшін жер учаскесін беру – 5;
2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылған жоқ.
Тұрғысын ауылдық округінің әкімі Е. Ерболатов