Средигорное ауылдық округі әкімінің кездесуі қорытындысы бойынша проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі іс-қимыл жоспары 2026 жылдың І жартыжылдығына

Средигорное ауылдық округі әкімінің халықпен кездесуін өткізу туралы,
2026 жылдың І жартыжылдығына арналған іс-қимыл жоспары

2026 жылғы 12 қаңтарда округ әкімі Средигорное ауылдық округінің халқымен есептік кездесу өткізді. Іс-шараға тұрғындар, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғамдық бірлестіктер, бизнес және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында тұрғындар жабайы жануарларды аулауды ұйымдастыруға берілетін лицензиялар санын арттыру, Андреевка ауылындағы электр беру желілерінің апатты тіректерін ауыстыру, Андреевка және Александровка ауылдарында аптасына 2 рет азық-түлік тауарларының көшпелі саудасын ұйымдастыру, Андреевка ауылын OneWeb технологиясы бойынша байланыс қызметтерін көрсету үшін ауылдық елді мекендер (АЕМ) тізбесіне енгізу мәселелерін көтерді.
Сондай-ақ, мектеп жасына дейінгі балаларға медициналық қызмет көрсету мақсатында Александровка ауылында медициналық қызметкерлердің кемінде екі аптада бір рет барып қызмет көрсетуін ұйымдастыру және Чиркаин ауылын мобильді байланыспен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша іс-қимыл жоспары қалыптастырылды. Барлық тапсырмаларға орындалу мерзімдері белгіленіп, Алтай ауданы әкімінің аппаратының бақылауына алынды.

Дата публикации
21 января 2026