Средигорное ауылдық округі әкімінің 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша халықпен кездесулер өткізуі туралы
2025 жылдың бірінші жартыжылдығы ішінде округ әкімі Средигорное ауылдық округінің халқымен есептік кездесу өткізді. Іс-шараларға тұрғындар, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғамдық бірлестіктер, бизнес қауымдастығы және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Кездесулер барысында тұрғындар негізінен абаттандыру мәселелерін көтерді, оның ішінде көше жарықтандыруы, сондай-ақ ұялы байланыс пен интернет сапасына қатысты сұрақтар қозғалды.
Кездесулер қорытындысы бойынша Іс-шаралар жоспары қалыптастырылды. Барлық тапсырмалар бойынша орындау мерзімдері белгіленіп, олар Алтай ауданы әкімінің аппаратының бақылауында тұр.