Средигорный ауылдық округі әкімінің аппараты аз қамтылған адамдарды анықтап, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныстар енгізеді, жалғызілікті қарттар мен еңбекке жарамсыз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастырады, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді. ; пробация қызметінің есебінде тұрған қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға әлеуметтік, құқықтық және өзге де көмек көрсетеді; мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады; қоғамдық жұмыстарды, жастар тәжірибесін және қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастырады.