Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Подорленок ауылында Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «Jusan Mobile» АҚ және «Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасы» ММ бірлесіп, шалғай және жету қиын елді мекендерде OneWeb спутниктік терминалдарын орнату және қосу жұмыстарын жүргізуде.
Кәсіби мереке – Теміржолшылар күні қарсаңында қайта жаңғыртудан өткен Күмістау теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Бұл айтулы оқиға теміржол саласының ардагерлері мен қызметкерлерінің басын қосты. Салтанатты рәсімге Алтай ауданының әкімі Құрмамбаев Ренат Тілеуханұлы қатысып, жиналған қауымды келе жатқан кәсіби мерекемен құттықтады. Ол теміржолшылардың адал әрі қажырлы еңбегі үшін шынайы ризашылығын білдіріп, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық және толайым табыс тіледі.
Іс-шараға құрметті қонақ ретінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Магистральдық желі филиалы Семей магистральдық желі бөлімшесінің вокзал шаруашылығы, ғимараттар және инженерлік желілер жөніндегі директордың орынбасары Азимканов Нұрлан Жақалықұлы, сондай-ақ Күмістау станциясының вагон қараушысы, теміржол саласының ардагері Нұғыманов Жұмажан Сағидолдинұлы қатысты.
Жаңартылған Күмістау вокзалы – заманауи көлік инфрақұрылымының нысаны ғана емес, сонымен қатар Серебрянск қаласының дамуына серпін беретін маңызды жоба. Жүргізілген қайта жаңғырту жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді және қаламыздың өркендеуі мен дамуының тағы бір жарқын белгісіне айналады.
Теміржол саласының барлық қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің көлік саласының дамуына қосып жүрген өлшеусіз үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, мерейлеріңіз үстем, дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман, ал әр сапарларыңыз сәтті болсын!
Бүгін Алтай қаласында магниттік-резонанстық томография (МРТ) кабинетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа МРТ кабинеті мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен ашылды. Бұл – қайтарылған қаражаттың әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға және денсаулық сақтау жүйесін дамытуға тиімді бағытталып отырғанының айқын көрінісі.
Заманауи магниттік-резонанстық томографтың пайдалануға берілуі Алтай қаласы мен аудан тұрғындары үшін сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін арттырудағы маңызды қадам болды. Енді тұрғындар жоғары дәлдіктегі диагностикалық тексеруден тұрғылықты жерінде өте алады. Бұл ауруларды дер кезінде анықтауға, емдеуді уақтылы бастауға және көрсетілетін медициналық көмектің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Салтанатты ашылу рәсіміне медициналық қоғамдастықтың өкілдері, мемлекеттік органдардың қызметкерлері және жұртшылық қатысты.
Іс-шараны ашқан Алтай ауданының әкімі Ренат Тілеуханұлы Құрмамбаев денсаулық сақтау саласын дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, магниттік-резонанстық томография кабинетінің ашылуы аудан тұрғындары үшін үлкен маңызға ие, өйткені заманауи диагностикалық құрал-жабдықтар жоғары технологиялық медициналық көмекті өз ауданында алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл жобаның мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен жүзеге асырылғанын, ал бұл қаражат бүгінде әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталып отырғанын жеткізді.
Өз сөзінде аудан прокуроры Ержан Ерболұлы Рыспаев МРТ кабинетінің ашылуы мемлекетке қайтарылған активтердің қоғам игілігіне тиімді пайдаланылып жатқанының жарқын үлгісі екенін атап өтті. Ол бұл қаражаттың әлеуметтік маңызы бар жобаларға бағытталуы денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететінін айтты.
Ауданаралық аурухананың бас дәрігері Олжас Зейноллаұлы Нүрекенов магниттік-резонанстық томография кабинетінің ашылуы медициналық ұйым мен ауданның денсаулық сақтау жүйесі үшін маңызды оқиға екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа МРТ аппараты аурухананың диагностикалық мүмкіндіктерін едәуір кеңейтіп, тексерулердің сапасы мен жеделдігін арттыруға, сондай-ақ аудан тұрғындарын жоғары технологиялық медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол денсаулық сақтау саласына көрсетілген мемлекеттік қолдау үшін алғысын білдіріп, аурухана ұжымы жаңа құрал-жабдықты тиімді пайдаланып, әрбір тұрғынның сапалы диагностикалық көмек алуына бар күш-жігерін салатынын жеткізді.
Денсаулық сақтау саласының ардагерлері атынан Наталья Юрьевна Салиенко сөз сөйледі. Ол жобаның жүзеге асуына үлес қосқан барша азаматтарға шынайы алғысын білдіріп, медицина саласында еңбек еткен жылдары денсаулық сақтау жүйесіндегі оң өзгерістердің куәсі болғанын атап өтті. Оның айтуынша, заманауи магниттік-резонанстық томографтың іске қосылуы медицина қызметкерлері үшін де, аудан тұрғындары үшін де аса маңызды оқиға. Наталья Юрьевна аурухана ұжымына кәсіби табыс, ал жаңа құрылғыға халық игілігі жолында ұзақ жылдар бойы қызмет етуіне тілектестік білдірді.
Салтанатты түрде лентаны қию құрметі аудан медицинасының ардагерлері Наталья Юрьевна Салиенко мен Жүнісбек Қалымжанұлы Нұрскеновке берілді. Олар өңірдің денсаулық сақтау саласының дамуына ұзақ жылдар бойы сүбелі үлес қосқан азаматтар.
Ресми рәсімнен кейін қонақтар жаңа кабинетті аралап, заманауи жабдықтың мүмкіндіктерімен танысты. Мамандар магниттік-резонанстық томографтың жұмыс қағидаттары, техникалық сипаттамалары, ауруларды ерте анықтау мен тиімді ем жүргізудегі маңызы туралы жан-жақты ақпарат берді.
МРТ кабинетінің ашылуы ауданның денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттырудағы маңызды қадам болды. Жаңа жабдық ауданаралық аурухананың диагностикалық мүмкіндіктерін едәуір кеңейтіп, тұрғындарды заманауи жоғары технологиялық медициналық көмекпен қамтамасыз етуге жол ашады және алдағы уақытта халық денсаулығын сақтауға, адам өмірін қорғауға ұзақ жылдар бойы қызмет етеді.
Соловьево ауылындағы «Жастар» аллеясында сахнаға жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Маяк ауылындағы Березовая көшесінде су құбыры желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2026 жылғы 20 наурыздан бастап Алтай ауданында ШҚО ББ «Серебрянск технологиялық колледжі» КММ, «Алтай жоғары колледжі» мекемесі және ШҚО ББ «Алтай ауданының ауыл шаруашылығы колледжі» КММ базасында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту ұйымдастырылды.
Оқыту келесі мамандықтар бойынша жүргізілуде:
• «Аспаз» — 17 адам;
• «Электромонтёр» — 7 адам;
• «Көкөніс және жеміс консервілерін өндіру операторы» — 6 адам.
Оқушылардың жалпы саны 30 адамды құрайды.
Қазіргі уақытта тыңдаушылар оқытудың теориялық кезеңінен өтуде, оның барысында негізгі кәсіби білім мен дағдыларды меңгеруде. Теориялық курс аяқталғаннан кейін қатысушылар өндірістік тәжірибеден өтуге жіберіліп, әрі қарай жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.
Оқу мерзімі 3 айды құрайды. Бағдарламаны іске асыру халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыруға, сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарын дамытуға және жергілікті кәсіпорындарды білікті кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған.
Амир Бақытбеков небәрі 13 жаста, бірақ ол қазірдің өзінде спорт шеберлігіне кандидат және Шығыс Қазақстан облысының бокс құрамасының мүшесі. Бірнеше жылдық жаттығу барысында жас спортшы елеулі жетістіктерге жетті: екі рет ШҚО чемпионы атанып, үш мәрте Қазақстан чемпионаттарында облыс намысын қорғады, олардың бірінде күміс жүлдеге ие болды.
Жуырда жас боксшы Балқаш қаласында өткен, белгілі бапкерлер Александр Апачинский мен Владимир Тулуповты еске алуға арналған республикалық турнирде жеңіске жетті. Жарыс алдында Амир «Казцинк» компаниясының қолдауымен Түркістан облысында екі апталық қарқынды оқу-жаттығу жиындарынан өтті.
Турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен қалалық және облыстық іріктеуден өткен шамамен 200 спортшы қатысты. Тартысты бәсекеде ол 70 кг салмақ дәрежесінде құрметті бірінші орынды иеленді.
— Төреші қолымды көтерген сәтте өз мектебім мен туған қалам Серебрянск үшін мақтаныш сезімін бастан кештім, — деді Амир. — Барлық жаттығулар мен жиындар зая кетпегеніне қуаныштымын. Бапкерім мен ата-анамның сенімін ақтай алғаныма ризамын. Болашақта халықаралық деңгейге шығып, қаламызды Қазақстаннан тыс жерлерге танытуды армандаймын.
Бұл күн — ата-бабадан мирас болған ұлттық спорт түрлерін ұлықтап, олардың мәні мен маңызын дәріптейтін ерекше мереке. Ұлттық ойындар — тек жарыс емес, ол — рухтың, күштің және салт-дәстүрдің жалғасы.
Ұлттық спортымыз өркендеп, жас ұрпақтың бойында жігер мен қайсарлық арта берсін!
Бұл күні табиғат қайта түлеп, тіршілік оянады.
Наурызнама аясында «Жаңару күні» жұртшылық көктемгі ағаш отырғызу дәстүрін орындайды. 🌳