Соловьево ауылдық округі әкімінің аппараты аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ кенттің, ауылдардың аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялауды, жөндеуді және күтіп ұстауды қамтамасыз етеді; өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және суды пайдалану мәселелерін реттейді; елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитариялық тазалау жұмыстарын ұйымдастырады.