Аким района Курмамбаев Р.Т. провел очередной личный прием граждан, в ходе которого жители смогли обратиться с волнующими их вопросами и получить необходимые разъяснения.
Одними из основных тем встречи стали вопросы благоустройства и жилищно-коммунального хозяйства. Жители подняли вопросы вывоза мусора с кладбищ города Алтай, организации работы ТОО «Шемонаихинский Комхоз» по вывозу твердых бытовых отходов в городе Алтай, а также вывоза крупногабаритных отходов.
Кроме того, на приеме был рассмотрен вопрос обеспечения жильем. Заявителю были даны разъяснения о действующем порядке предоставления жилья и возможных механизмах решения его обращения в рамках действующего законодательства.
По каждому обращению аким района внимательно выслушал заявителей, дал соответствующие поручения ответственным государственным органам и профильным службам. Исполнение поручений взято на личный контроль.
Проведение личных приемов граждан остается важной формой взаимодействия с населением, позволяющей оперативно реагировать на актуальные проблемы жителей и принимать необходимые меры для их решения.
Бұл айтулы оқиға теміржол саласының ардагерлері мен қызметкерлерінің басын қосты. Салтанатты рәсімге Алтай ауданының әкімі Құрмамбаев Ренат Тілеуханұлы қатысып, жиналған қауымды келе жатқан кәсіби мерекемен құттықтады. Ол теміржолшылардың адал әрі қажырлы еңбегі үшін шынайы ризашылығын білдіріп, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық және толайым табыс тіледі.
Іс-шараға құрметті қонақ ретінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Магистральдық желі филиалы Семей магистральдық желі бөлімшесінің вокзал шаруашылығы, ғимараттар және инженерлік желілер жөніндегі директордың орынбасары Азимканов Нұрлан Жақалықұлы, сондай-ақ Күмістау станциясының вагон қараушысы, теміржол саласының ардагері Нұғыманов Жұмажан Сағидолдинұлы қатысты.
Жаңартылған Күмістау вокзалы – заманауи көлік инфрақұрылымының нысаны ғана емес, сонымен қатар Серебрянск қаласының дамуына серпін беретін маңызды жоба. Жүргізілген қайта жаңғырту жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді және қаламыздың өркендеуі мен дамуының тағы бір жарқын белгісіне айналады.
Теміржол саласының барлық қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің көлік саласының дамуына қосып жүрген өлшеусіз үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, мерейлеріңіз үстем, дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман, ал әр сапарларыңыз сәтті болсын!
Жаңа Бұқтырма кентінде алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті. Кеңеске Жаңа Бұқтырма кенті әкімінің аппараты, мердігер ұйым және «Жаңа Бұқтырма кентінің Жылуводоорталығы» КМК қызметкерлері қатысты.
Жұмыс сапары аясында «Жаңа Бұқтырма кентінің кварталішілік жылумен жабдықтау желілерін реконструкциялау (II кезек)» жобасының іске асырылу барысы тексерілді. Сондай-ақ жұмыс сапарына қатысушылар Жаңа Бұқтырма кентінің қазандығында болып, алдағы жылыту маусымына дайындық шеңберінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Нысанды аралау барысында жұмыстардың орындалу қарқыны, жобаны іске асыру кестесінің сақталуы және кент тұрғындарын сенімді әрі үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды уақытылы аяқтау мәселелері талқыланды.
Бүгін Алтай қаласында магниттік-резонанстық томография (МРТ) кабинетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа МРТ кабинеті мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен ашылды. Бұл – қайтарылған қаражаттың әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға және денсаулық сақтау жүйесін дамытуға тиімді бағытталып отырғанының айқын көрінісі.
Заманауи магниттік-резонанстық томографтың пайдалануға берілуі Алтай қаласы мен аудан тұрғындары үшін сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін арттырудағы маңызды қадам болды. Енді тұрғындар жоғары дәлдіктегі диагностикалық тексеруден тұрғылықты жерінде өте алады. Бұл ауруларды дер кезінде анықтауға, емдеуді уақтылы бастауға және көрсетілетін медициналық көмектің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Салтанатты ашылу рәсіміне медициналық қоғамдастықтың өкілдері, мемлекеттік органдардың қызметкерлері және жұртшылық қатысты.
Іс-шараны ашқан Алтай ауданының әкімі Ренат Тілеуханұлы Құрмамбаев денсаулық сақтау саласын дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, магниттік-резонанстық томография кабинетінің ашылуы аудан тұрғындары үшін үлкен маңызға ие, өйткені заманауи диагностикалық құрал-жабдықтар жоғары технологиялық медициналық көмекті өз ауданында алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл жобаның мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен жүзеге асырылғанын, ал бұл қаражат бүгінде әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталып отырғанын жеткізді.
Өз сөзінде аудан прокуроры Ержан Ерболұлы Рыспаев МРТ кабинетінің ашылуы мемлекетке қайтарылған активтердің қоғам игілігіне тиімді пайдаланылып жатқанының жарқын үлгісі екенін атап өтті. Ол бұл қаражаттың әлеуметтік маңызы бар жобаларға бағытталуы денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететінін айтты.
Ауданаралық аурухананың бас дәрігері Олжас Зейноллаұлы Нүрекенов магниттік-резонанстық томография кабинетінің ашылуы медициналық ұйым мен ауданның денсаулық сақтау жүйесі үшін маңызды оқиға екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа МРТ аппараты аурухананың диагностикалық мүмкіндіктерін едәуір кеңейтіп, тексерулердің сапасы мен жеделдігін арттыруға, сондай-ақ аудан тұрғындарын жоғары технологиялық медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол денсаулық сақтау саласына көрсетілген мемлекеттік қолдау үшін алғысын білдіріп, аурухана ұжымы жаңа құрал-жабдықты тиімді пайдаланып, әрбір тұрғынның сапалы диагностикалық көмек алуына бар күш-жігерін салатынын жеткізді.
Денсаулық сақтау саласының ардагерлері атынан Наталья Юрьевна Салиенко сөз сөйледі. Ол жобаның жүзеге асуына үлес қосқан барша азаматтарға шынайы алғысын білдіріп, медицина саласында еңбек еткен жылдары денсаулық сақтау жүйесіндегі оң өзгерістердің куәсі болғанын атап өтті. Оның айтуынша, заманауи магниттік-резонанстық томографтың іске қосылуы медицина қызметкерлері үшін де, аудан тұрғындары үшін де аса маңызды оқиға. Наталья Юрьевна аурухана ұжымына кәсіби табыс, ал жаңа құрылғыға халық игілігі жолында ұзақ жылдар бойы қызмет етуіне тілектестік білдірді.
Салтанатты түрде лентаны қию құрметі аудан медицинасының ардагерлері Наталья Юрьевна Салиенко мен Жүнісбек Қалымжанұлы Нұрскеновке берілді. Олар өңірдің денсаулық сақтау саласының дамуына ұзақ жылдар бойы сүбелі үлес қосқан азаматтар.
Ресми рәсімнен кейін қонақтар жаңа кабинетті аралап, заманауи жабдықтың мүмкіндіктерімен танысты. Мамандар магниттік-резонанстық томографтың жұмыс қағидаттары, техникалық сипаттамалары, ауруларды ерте анықтау мен тиімді ем жүргізудегі маңызы туралы жан-жақты ақпарат берді.
МРТ кабинетінің ашылуы ауданның денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттырудағы маңызды қадам болды. Жаңа жабдық ауданаралық аурухананың диагностикалық мүмкіндіктерін едәуір кеңейтіп, тұрғындарды заманауи жоғары технологиялық медициналық көмекпен қамтамасыз етуге жол ашады және алдағы уақытта халық денсаулығын сақтауға, адам өмірін қорғауға ұзақ жылдар бойы қызмет етеді.
Осы күндері Түркістан қаласында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтуде — бұл жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерді біріктіретін жаңа мүмкіндіктер алаңы.
Мұнда әр адам жұмыс тауып, кеңес алып, болашағына нық қадам жасай алады. Алтай ауданы делегациясы қатысушыларға жұмыспен қамту және мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Жәрмеңке өңірдің дамуына үлес қосып, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтады.
19 наурыз — Жаңару күні.
Бұл күні табиғат қайта түлеп, тіршілік оянады.
Наурызнама аясында «Жаңару күні» жұртшылық көктемгі ағаш отырғызу дәстүрін орындайды. 🌳
Құрметті Северное ауылының тұрғындары!
2026 жылғы 20 ақпан күні сағат 13:00-де Алтай ауданы, Серебрянск қаласының «Қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ның тар бейінді мамандарының көшпелі қабылдауы өтеді.
Келесі дәрігер-мамандар қабылдау жүргізеді:
* кардиолог дәрігер — Нурсейтова Зарина Жаныбековна;
* невропатолог дәрігер — Куринский Василий Викторович;
* хирург дәрігер — Какимов Ержан Мейрамович;
* дерматовенеролог дәрігер — Сислятина Любовь Ивановна.
Барлық ауыл тұрғындарын мамандардың қабылдауына қатысуға шақырамыз.
Құрметті Феклистовка ауылының тұрғындары!
2026 жылғы 20 ақпан күні сағат 09:00-де Алтай ауданы, Серебрянск қаласының «Қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ның тар бейінді мамандарының көшпелі қабылдауы өтеді.
Келесі дәрігер-мамандар қабылдау жүргізеді:
* кардиолог дәрігер — Нурсейтова Зарина Жаныбековна;
* невропатолог дәрігер — Куринский Василий Викторович;
* хирург дәрігер — Какимов Ержан Мейрамович;
* дерматовенеролог дәрігер — Сислятина Любовь Ивановна.
Барлық ауыл тұрғындарын мамандардың қабылдауына қатысуға шақырамыз.