2026 жылдың 1 жартыжылдығында Алтай ауданы әкімінің Серебрянск қаласы тұрғындарымен кездесулерінің қорытындысы бойынша проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі іс-қимыл жоспары.

2026 жылдың 1 жартыжылдығында Алтай ауданы әкімінің Серебрянск қаласы тұрғындарымен кездесулерінің қорытындысы бойынша проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі іс-қимыл жоспары.

 

№

Сұрақ

Орындалу мерзімі

Жауапты орындаушы

Орындау

1.      

Мамандандырыл

-ған ауданаралық экономикалық соттан істің нәтижесін алу мәселесін қарастыру, қалаішілік маршрутты қайта іске қосу мәселесін шешу

30.06.2026 ж. дейін

Серебрянск қаласының әкімі  (Н.А.Бакынова)

Орындалуда

 

2026 жылғы 26 ақпандағы № 02-25/244 шығыс хатымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қ.А.Жуанғановқа сот шешімінің көшірмесін жолдау туралы, сондай-ақ қызмет көрсетушімен жаңа келісімшарт жасасу бойынша конкурстық рәсімдер жарияланғанға дейін қалаішілік автобус маршрутын қайта іске қосу мақсатында жаңа мердігермен уақытша біржақты келісімшарт жасасу мүмкіндігін қарастыру жөнінде ұсыныс енгізілді.

2.      

Тимофеева және Привокзальная көшелерін жарықтандыру мәселесін шешу

30.09.2026 ж. дейін

 

 

Серебрянск қаласының әкімі  (Н.А.Бакынова)

Орындалуда

 

2026 жылғы 9 ақпандағы № 05-05/168 шығыс хатымен Алтай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Ю.А.Гавриловқа Серебрянск қаласындағы Тимофеев және Привокзальная көшелерін жарықтандыру мәселесі жөнінде хат жолданды.

2026 жылғы 12 ақпанда (кіріс № 01-09/205) «ШҚО Алтай ауданы Серебрянск қаласындағы Тимофеев және Привокзальная көшелерінің сыртқы жарықтандыру желілерін салу» нысаны бойынша жауап алынды. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленген, 2025 жылғы 04.03 № NORZ-0007/25 мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы бар.

Конкурс 2026 жылғы 20наурызда жарияланды. Әлеуетті өнім берушілерден өтінімдер қабылдануда.

 

3.      

Серебрянская көшесі, 151-үй мекенжайы бойынша автотұрақ ұйымдастыру

30.12.2026 ж. дейін

Серебрянск қаласының әкімі  (Н.А.Бакынова)

 «Серебрянск қаласы және Новая-Бухтарма кентінің Жылу орталығы» КМК ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылы Серебрянская көшесі бойынша «Серебрянск қаласының жылу желілерін реконструкциялау» жобасын іске асыру жоспарланған.

2026 жылғы 11 ақпандағы № 05-05/179 шығыс хатымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қ.А.Жуанғановқа аталған жұмыстардың басталу мерзімдері туралы ақпарат ұсыну жөнінде сұраныс жолданды.

2026 жылғы 20 наурызда аталған хатқа жауап алынды: жұмыстарды орындау 2026 жылы қаралатын болады.

 

 

 

 

2026 жылдың 1 жартыжылдығында Алтай ауданы әкімінің Серебрянск қаласы тұрғындарымен кездесулерінің қорытындысы бойынша проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі іс-қимыл жоспары.
Дата публикации
27 марта 2026